Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жайлы мектеп». Елімізде 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады

«Жайлы мектеп». Елімізде 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады

Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қордың қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды.baq.kz
Айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы биыл басталады.
Осылайша, үшінші ауысымнан толықтай құтылып, мектептердегі орын тапшылығын жоюға болады. Қазірдің өзінде 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді. Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін республикамыздағы қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады, - деп атап өтті басқарма басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына арналған жиында.
онымен қатар ол білім ордаларын жобалау қандай нәрселерге негізделіп қолға алынатынына тоқталды.
Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, ҚР Үкіметі бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы ретінде компаниямыз белгіленді, - деді төрағасы Мәулен Айманбетов.
Еске сала кетейік, жоғарыда аталған компания Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2022 жылғы 28 қыркүйекте реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңестің отырысында құрылыс және жабдықтардың бірыңғай стандартын қолдана отырып, қадамдық қолжетімділіктегі заманауи жайлы мектептерді салудың үйлестірушісі болып белгіленген еді.
10 ақпан 2023 ж. 359 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 148

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 152

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031