Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді

«Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 259 мың оқушы орнына тапшылық бар.

Болжам бойынша 2026 жылға қарай оқушы орнына сұраныс шамамен 1 млн 200 мыңға дейін өседі. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде былтыр 277 мектеп ашылды. Биыл тағы 225 мектеп салу жоспарланды. Сонда осы екі жылда кем дегенде 326 мыңнан аса жаңа орындар ашылады. Бірақ әлі де мектептерді салу бойынша проблемалық мәселелер бар. Осы мәселелер Президенттің тапсырмасымен іске асырылатын жаңа «Қолайлы мектеп» ұлттық жобасының шеңберінде шешілетін болады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол жоба бойынша қанша мектеп салынатынына тоқталды.

Біріншіден, жоба арқылы қосымша 841 мың орынға 582 жаңа мектеп салынады. Екіншіден, осы мектептер сапасы жоғары бірыңғай құрылыс және жабдықтау стандарты қолданылады. Үшіншіден, сметада зертханаларға, заманауи техника мен оқу жабдықтарына 16%-дан кем жұмсалмауы қажет. Жаңа мектептерде пайдалы оқу алаңдары да ұлғаяды. Бастауыш сыныптарға жеке блок қарастырылады. Жаңа мектептерді педагогтермен қамтамасыз ету үшін 100 мың білікті кадр даярланады. Қазіргі уақытта 433 мектепті салатын жер телімдері анықталды. Әкімдіктер тағы 155 жер учаскесін жылдың соңына дейін бөлуі қажет, - деді елдің бас ұстазы.
15 шілде 2022 ж. 464 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 44

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 92

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 98

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 68

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 101

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031