Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің қай өңірлерінде оқушы орны тапшы

Еліміздің қай өңірлерінде оқушы орны тапшы

Еліміздегі республикалық маңызы бар 3 қала мен 2 облыста оқушы орнының тапшылығы жоғары.
Бұл туралы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қағидалары мен талаптарын бекіту үшін ұсынылған құжатта көрсетілген, деп хабарлайды inform.kz.
«Орта білім беру саласындағы ең өзекті мәселе - ірі қалаларда оқушы орындарының тұрақты тапшылығы болып келеді. Тәуелсіздік жылдарында еліміз бойынша мектептер желісі 1,4 мың бірлікке (9 мыңнан 7,6 мыңға дейін) қысқарды. Бүгінгі таңда білім алушылар контингенті 3,7 млн-ға жетті. Оның 2,2 млн-ы қалалардағы мектептерде, 1,5 млн ауылдық мектептерде. Жалпы республика бойынша 2022 жылға оқушы орындарының тапшылығы 270 мыңды құрайды. Оның ішінде қалада – 167 мың, ауылда – 96 мың орын тапшы.
Тапшылық бойынша ең өткір жағдай бес өңірде. Олар – Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Түркістан, Алматы облыстары. Бұл аймақтарды оқушы орындарының тапшылығы жалпы көрсеткіштен 59 пайызға көп. Яғни, 159 мың орын жетіспеушілігі бар», - делінген Үкімет қаулысында.
Еліміз бойынша оқушы орындарының тапшылығы:
Астана қаласы - 20 973 орын
Алматы қаласы - 39 065 орын
Шымкент қаласы - 27 931 орын
Абай облысы - 8719 орын
Ақмола облысы - 12 923 орын
Ақтөбе облысы - 16 321 орын
Алматы облысы - 22 864 орын
Атырау облысы - 14 414 орын
Батыс Қазақстан облысы - 5 198 орын
Жамбыл облысы - 17 312 орын
Жетісу облысы - 5036 орын
Қарағанды облысы - 2 468 орын
Қостанай облысы - 2 436 орын
Қызылорда облысы - 8 589 орын
Маңғыстау облысы - 10 503 орын
Павлодар облысы - 1 219 орын
Солтүстік Қазақстан облысы - 6 514 орын
Түркістан облысы - 42 842 орын
Ұлытау облысы - 459 орын
Шығыс Қазақстан облысы - 4319 орын
Оқушы орнының тапшылығын шешу үшін Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Жоба нәтижесінде 2026 жылға дейін 800 мың балаға арналған екі аусымдық мектептер салынады. Осы орайда ел Үкіметі жобаның қағидалары мен талаптарын бекітуді ұсынды.

02 қараша 2022 ж. 349 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 96

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930