Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі оқушы – болашақ маман

Бүгінгі оқушы – болашақ маман

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінде мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ләйла Дәстенованың ұйымдастыруымен «Бүгінгі оқушы, ертеңгі студент – болашақ маман» атты студенттермен кездесу кеші өтті. Мақсаты – болашақ бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру.
Шараға осы мектепте оқып, қазіргі уақытта жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер мен жоғары сынып оқушылары, мектеп ұстаздары қатысты. Алтын ұя мектебінен сан тарапқа қанат қаққан шәкірттер бүгінгі күні білім шаңырағында бас қосты. Кеш жүргізушілері ұстаздар Еркін Құдабаев пен Мираш Ақбаева мектеп мақтанышына айналған жастарды слайд арқылы таныстырып, ортаға шақырды.
– Бұл түлектеріміз қазіргі таңда Арқалық, Актөбе, Алматы, Астана, Петропавл, Түркістан, Қызылорда қалаларында білім алуда. Олар болашақ сан түрлі мамандықтардың иелері. Бұлар – еліміздің болашағы. Атап айтсақ, «Алтын белгі» иегерлері Елдос Меңдуахас қазіргі таңда Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша, Нұрай Киікбай Қазақстан – Ресей университетінің жалпы медицина мамандығын грант негізінде меңгеруде, – дейді Ләйла Дәстенова.
Кеш қонақтарының қатарында Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау мамандығында грант жүйесі бойынша оқып жүрген Ерлан Жұмахан, Аружан Жалғасбек, Эльвира Жаңбырбай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алып жатқан түлектеріміз кадастр және жерге орналастыру мамандығының грант иегері Аружан Қарасай, шет тілі мамандығы бойынша облыс әкімі грантының иегері Манар Бозқұлан және осы университеттен ақпараттық қауіпсіздік мамандығын алатын Бақытжан Орынбасар мен болашақ дене шынықтыру пәні мұғалімі Бексұлтан Нұржанов болды. Сондай-ақ Алматы қаласы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығындағы Аружан Дәулеткерім, Қазақ және спорт туризм академиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығын оқып жатқан Елдос Жанқуат, Қызылорда қаласындағы «Болашақ» жоғары колледжінің ақпараттық жүйелер мамандығын меңгеруші Индира Дайрабай кештің құрметті қонағы ретінде келді.
Студенттерге арнап мектептің ән-әуез пәнінің мұғалімі Еркін Құдабаев «Ауылым» әнін орындады. Кештің екінші «Сұрақ-жауап» бөлімінде кеш қонақтарына «Сіздер мемлекеттік грант иегері атандыңыздар. Осы жетістікке қалай жеттіңіздер?», «Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?», «Өз мамандығыңыз туралы айта кетсеңіз?», «ҰБТ-ға дайындық барысында мұғалімдер қойған талаптар орынды болды ма, орынсыз ба? Қалай ойлайсыздар?», «Мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба, әлде ата-анаңызбен ойластыңыз ба?», «ЖОО-да таңдаған мамандығын бір-екі жыл оқып, артынша басқа мамандықтарға ауысып жатқандар бар ма?», «Мамандықтарыңызға өкінетін, осы мамандықты бекер таңдадым деген кездеріңіз болды ма, әлде өзіңізге ұнайды ма?», «Үлкен аға-әпкесі ретінде ізбасарларыңызға қандай кеңес берер едіңіздер?» деген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты, өз толғамды ойларымен бөлісті. «Сұрақ – менен, жауап – сенен» сауалнамасы оқушылар арасында жүргізіліп, «Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?», «Оқуға түскеннен кейін қиындығына төзе аласың ба?», «Мамандық таңдауыңа кімдер әсер етті?», «Жоғары оқу орнына түсуге өз күшіңе сенесің бе?» көптеген сауалдар ортаға салынды. «Мен кіммін?» ойыны кезінде жаңа замандағы мамандықтардың түрлерін тапты. Түлектер Ерлан Жұмахан, Эльвира Жаңбырбай, Елдос Жанқуат ұстаздарына арнау өлеңдерін оқып, әсем ән салды.
– Мектептің «Алтын белгіге» бітірген түлектері Елдос Меңдуахас пен Нұрай Киікбай өздерінен кейінгі ізбасарлары «Алтын белгіге» үміткер оқушы Рамазан Сайфуллаға тілектерін айтып, «Алтын белгі» аманатын тапсырды. «Жарнама айдарында» студенттер өздерінің оқып жатқан білім ордасын, өз мамандықтарын бір ауыз сөзбен таныстырды. Кеш соңында студенттер естелік кітабына өздерінің тілектерін жазып қалдырды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
21 қаңтар 2023 ж. 785 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930