Қыстың лебі: алдағы күндері ауа райы 10 градусқа дейін суытады
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді

Фото: istockphoto.com
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт суытып, температура -10 градусқа дейін түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы күндері жаңбыр мен қар жауғанын ескерсек, енді Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Соның әсерінен алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін өзге де аймақтарда күн суытады.
«Түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, +5°С-тан -5-10°С-қа дейін төмендейді. Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы -2-7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2-7°С аралығында болады», – делінген «Қазгидромет» болжамында.












