Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттар амандығы – қоғам айнасы

Қарттар амандығы – қоғам айнасы

Қоғамның өркениеттілігі мен рухани деңгейі оның қарттарға деген қарым-қатынасынан көрінеді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда егде жастағы адамдарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылық әлем бойынша өзекті әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Қазақстан да бұл мәселеден шет қалмай, қарияларға көрсетілетін әділетсіздік пен немқұрайлықтың салдарын сезінуде.
Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зор¬лық-зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізінші отбасында бар. Әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, егде жастағы адамдар да экономикалық, физикалық, психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болады.
Қарт адамдарға жасалатын зорлық-зомбылық тек физикалық қысыммен шектелмейді. Ол бірнеше түрлі формада көрініс табуы мүмкін:
Мысалы,психологиялық қысым: қорлау, менсінбеу, жалғыздықта қалдыру деп есептелсе,экономикалық зорлыққа: зейнетақысын иемдену, мүлкін рұқсатсыз пайдалану деп көрсеткен. Ал медициналық немқұрайлылық: тиісті дәрігерлік көмектен айыру немесе дәрі-дәрмегін бермеу,әлеуметтік оқшаулау: қоғамнан, отбасынан алыстату болып табылады.
Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қорқыту қалыпты жағдайға айналды, тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді.
Бүгінгі таңда бұл күрделі ахуал жүректі сыздатып, елдің ертеңіне алаңдаушылық тудырып отыр. Қорғансыздың көз жасына бейжай қарау – адамгершілікке жат. Сондықтан бұл түйткілдің шешімі – тек заңмен ғана емес, жүрекпен, бірлікпен, санамен күресу. Отбасында тыныштық болса – қоғамда тұрақтылық болады.Қарттарға жасалатын зорлық-зомбылықты болдырмау – тек отбасының емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Қарттар – біздің өткеніміздің айнасы, болашағымыздың бағдары. Оларға жасалған зорлық – тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамның ар-намысына жасалған қиянат. Сондықтан әрбір азамат, әрбір отбасы, әрбір мемлекеттік орган бұл мәселеге бей-жай қарамай, бірлесіп әрекет етуі керек. Егде жастағы адамдарға қамқор болу – ізгі қоғамның белгісі.
Қарияға құрмет – бала тәрбиесінің де айнасы. Балалар мен жастар ата-әжесіне қарап мейірімділік пен сыйластықты үйренеді. Сондықтан отбасы ішінде қарт адамның орны ерекше болуы тиіс.
Қорыта айтқанда, қарияларға қатыгездікке жол бермеу – әрбір азаматтың борышы. Олар бізге өмір берген буын. Ал біз оларға құрмет көрсету арқылы өз болашағымызға жол ашамыз. Қарияны сыйлау – адамгершіліктің белгісі.
21 қазан 2026 ж. 47 0

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 89

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031