Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Антарктидада пингвин санайтын қызметкерлер іздеп жатыр: Жалақысы миллион теңгеден асады

Антарктидада пингвин санайтын қызметкерлер іздеп жатыр: Жалақысы миллион теңгеден асады

Фото: iStock
Ұлыбританиядағы ұйым Антарктидадағы зерттеу станциясына қызметкерлер іздеп жатыр. Олар пингвиндерді бақылап, ұялары мен балапандарын санайды. Оған қоса туристерді қарсы алып, пошта бөлімшесінде жұмыс істейді. Жалақы айына 2 500 еуроға дейін (шамамен 1,27 миллион теңге) жетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ziare басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмыс орны Антарктидадағы Палмер архипелагына қарасты Гудье аралында орналасқан Порт-Локрой станциясында. Маусымдық келісімшарт шамамен бес айға, яғни қарашадан наурызға дейін жасалады. Ұйым қызметкерлерді баспанамен, тамақпен және суық ауа райына арналған арнайы киіммен қамтамасыз етеді.
Порт-Локройдың тарихы да ерекше. Британдықтар бұл базаны 1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрған. Ол 1962 жылға дейін жұмыс істеген. Кейін ғимараттар қалпына келтіріліп, бұрынғы әскери база туристер баратын тарихи орынға айналды. Қазір мұнда мұражай, кәдесый дүкені және "Пингвиндер пошта бөлімшесі" аталып кеткен пошта бар.

Қызметкерлердің міндеті қандай?
Жұмыс тек пингвиндерді бақылаумен шектелмейді. Қызметкерлер круиздік кемелермен келетін туристерді қарсы алып, оларға станцияның тарихы туралы ақпарат береді. Сонымен қатар кәдесый дүкенінде сауда жасап, пошта бөлімшесінің жұмысын жүргізеді.

Гудье аралында субантарктикалық пингвиндер мекендейді. Мамандар олардың санын, көбею ерекшеліктерін бақылап, популяциядағы өзгерістерді зерттейді. Жиналған мәліметтер адам әрекетінің құстарға әсерін бағалауға да көмектеседі.

Көбею кезеңінде пингвиндерді мазаламау үшін қызметкерлердің кейбір аумақтарға кіруіне шектеу қойылады.

Тағы бір міндет – хаттар мен ашықхаттарды сұрыптап, жөнелтуге дайындау. Порт-Локройдағы пошта бөлімшесі арқылы әр маусымда 80 мыңнан астам ашықхат өтеді. Бұдан бөлек, қызметкерлер ғимараттарды күтіп ұстауға, тазалық жұмыстарына және станцияның күнделікті тіршілігіне қатысты басқа да жұмыстарды жасайды.

Жалақысы жоғары болғанымен, тұрмыс жағдайы оңай емес
Қызметке қарай айлық жалақы 1 700-ден 2 500 еуроға дейін өзгереді. Бұл шамамен 865 мыңнан 1,27 миллион теңгеге дейін. Тұрғын үй, тамақ және арнайы киім жұмыс беруші есебінен беріледі.
Дегенмен Антарктидадағы өмірдің өзіндік қиындығы бар. Станцияда су құбыры жоқ, ауызсу кемелермен жеткізіледі. Сондықтан суды үнемдеп пайдалану қажет, ал қызметкерлерге душқа аптасына шамамен бір рет қана түсуге мүмкіндік беріледі.
Ауа райының қолайсыздығы да күнделікті тіршілікке әсер етеді. Кейде қажет заттарды жеткізу қиындап, белгілі бір нысандарға бару мүмкіндігі уақытша шектелуі мүмкін.

Әзірге бұл ерекше жұмысқа қанша адамның өтініш бергені туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Ғалымдар Жердің ең шалғай аймақтарының бірі – Патагонияда да ыдырамайтын қауіпті “химиялық заттар” (PFAS) бар екенін анықтаған еді. Зерттеу барысында химиялық заттарды табуға магеллан пингвиндерінің көмегі тиген.
21 қазан 2026 ж. 60 0

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 89

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031