– 10°С: Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз болады
2026 жылғы 22–24 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы.
Фото pixabay.comҚазақстанға аяз келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келеді. Оның әсерінен жауын-шашын тоқтап, алдымен еліміздің батыс өңірлерінде, кейін басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейді, - деп жазылған синоптиктер хабарламасында.
Сондай-ақ, мамандар түнгі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы біртіндеп 0, +5°С-тан −5–10°С-қа дейін төмендейтінін болжады.
Тіпті оңтүстік өңірлердің тұрғындары да қыстың жақындағанын сезінеді. Түнде ауа температурасы −2–7°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2–7°С аралығында болады, - дейді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда биыл қыс қандай болатыны жөнінде болжам жасады.












