Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Егемен Қазақстан» педагог қызметкерлерге арналған тестілерді жариялауды бастайды

«Егемен Қазақстан» педагог қызметкерлерге арналған тестілерді жариялауды бастайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырды. Бұл мұғалімдер қауымын қуантқан жаңалық болды.
Жолдау міндеттерінің бірі – категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу. Президент категорияларды әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керектігін айтқан болатын. «Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет» делінген Жолдауда.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінде 60 мың мұғалім аталған тестілеу аттестациясына жазылғанын жеткізді. Педагог кадрлардың біліктілік санаттарын тағайындауды екі кезеңде жүргізу жоспарлануда. Бірінші кезең – «Оқу пәнінің мазмұны» және «Оқу әдістемесі мен педагогика» модульдері бойынша 26 мамырдан 5 маусымға дейін және ағымдағы жылдың 1-10 қарашасында жүргізіледі. Ондағы сұрақтардың 70%-ы пәндік білімге және 30%-ы педагогика мен әдістемеге бағытталған. Ал екінші кезең қызмет нәтижелерінің кешенді талдамалық қорытындысына арналады. Бұл ағымдағы жылдың 31 шілдесінен 15 желтоқсанына дейін атқарылмақ. Жаңа жүйе бойынша аттестаттаудан барлық өтініш білдіруші өте алады.
Осы орайда бас басылым Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-мен бірге педагог қызметкерлерге арналған жаңа форматтағы ұлттық біліктілік тестілеуге даярлық жобасы аясында барлық пән бойынша сұрақтардың үлгісін жариялауды бастайды.
Тест сұрақтарының алғашқы бөлігі газеттің 10 мамырдағы нөмірінде жарияланады.
21 мамыр 2018 ж. 2 674 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930