Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім министрі тест тапсыра алмаған мұғалімдер жазаланбайтынына уәде етті

Білім министрі тест тапсыра алмаған мұғалімдер жазаланбайтынына уәде етті

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыра алмаған мұғалімдерге ешқандай жазалау шаралары қолданылмайтынына уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мамыр айында мұғалімдер ұлттық біліктілік тестілеуін тапсыруды бастайды. Егер де көпшілігі өздерінің біліктілігін дәлелдей алмаса, онда біз ешқандай жазалау шараларын қабылдамаймыз. Ережеге сәйкес, олар тест тапсырмаса, онда бұрынғы дәрежесімен және еңбекақысымен жұмысын жалғастырады. Мұғалімдерге қатысты ешқандай құқықтық салдар қарастырылмайды», - деді министр.
Сонымен қатар ол әкімдіктердің әлдебір квоталар енгізіп, мұғалімдерге жазалау шаралары қолданылатындығымен қорқытып жатқандағы туралы сыбыстар министрлікке жетіп жатқандығын айтты.
«Біз осындай қадамдарға бармауды өтінеміз. Мұғалімдерде ұлттық біліктілік тестілеуіне дайындалуға қажетті уақыты болуы керек.  Сонымен қатар педагогтар оны қашан тапсырса да өздері біледі. Сәйкесінше, ешқандай да мәжбүрлеу болмауы керек», - деді БҒМ басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, аталған тестілеуді тапсыруға өз еркімен 60 мың мұғалім жазылған. «Бұл өз кезегінде мұғалімдер өздерінің біліктілігіне сенімді екенін, өз пәнін жақсы білетінін білдіреді. Ол 26 мамырда басталып, бірнеше күнге созылады», - деді ол.
11 мамыр 2018 ж. 2 597 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 119

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 121

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 94

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031