Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық спорт - ұлтқа дем беретін маңызды құрал

Ұлттық спорт - ұлтқа дем беретін маңызды құрал

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Алтын тұғыр-2022» салтанатты іс-шарасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараны ұйымдастырып отырған Ұлттық спорт қауымдастығына алғысымды айтқым келеді. Бүгінгі өтіп жатқан іс-шараның маңызы зор. Себебі, кезінде кішкентай ғана әрекеттен басталған қозғалыс еді. Ал қазіргі таңда үлкен салтанатты мерекеге айналып отыр, - деді Ерлан Тынымбайұлы.
Ол кезекті дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы Қазақстанда өтетінін айтты.

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық құндылықтарды, ұлттық өнерді және ұлттық спортты дамытуға ерекше мән береді. Президент өзі тазы асырап, садақ атуымен айналысатынын жақсы білесіздер. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спортты дамытуға серпін берсін деген ниетпен кезекті дүниежүзілік көшпенділер ойынын Қазақстанда өткізу бойынша ұсыныс білдірген еді. Бұл ұсынысты Түркі елдерінің қауымдастығы оң қабылданып, кезекті дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2024 жылы біздің елімізде өтетін болады. Әлемдік деңгейдегі іс-шара еліміздегі ұлттық спорттың дамуына қосымша серпін береді деген үміттеміз. Сондықтанда осы әлемдік додаға жақсылап дайындалып, өз спортшыларымыздың дайындығын көрсетуіміз керек, - деді Қарин.
Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, ұлттық спорт - бұл ең алдымен ұлттық рух.

Себебі, ұлттық спорт арқылы біздің біздің болмысымыз, сипатымыз бұдан бетер күшейіп, қалыптасады. Мен өзім талай куәсі болдым. Бүгін ғана үйремеге келген кішкентай ұл-қыздарымыз сол күні садақ атудан жаттығуға қатысып, жаттығу соңында нысанаға дәл тигізіп жатады. Неге десеңіздер, оның бәрі қанымызда бар. Сол себепті ұлттық спорт түрлеріне қатысып жатқан кезде қандағы бар қасиетіміз оянады. Өйткені ол біздің қанымызда бар. Яғни, ұлттық спортымыз арқылы жүрегіміздегі рух жанады. Сондықтанда ұлттық спорт - ұлтқа дем беретін маңызды құрал деп ойлаймын, - деді ол «Алтын тұғыр-2022» салтанатты іс-шарасында.
Еске салайық, бүгін Ерлан Қошанов «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлерін марапаттады.

21 желтоқсан 2022 ж. 387 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930