Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: 8 қола спортқа бөлінген мол қаражатқа сәйкес келмейді

Тоқаев: 8 қола спортқа бөлінген мол қаражатқа сәйкес келмейді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы Токиода өткен Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшыларға алғысын білдіріп, спорт саласында шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажеттігіне тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Токиода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсеткен атлеттерге алғысымды білдіремін. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын. Бұл ұзақ уақыт бойы жүргізген табанды жаттығулардың жақсы нәтижесі.
Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет.

Алайда, 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді. Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек, делінген Президенттің жазбасында.
Алайда, 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) August 9, 2021

10 тамыз 2021 ж. 404 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930