Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Азаттық аңсаған» кітабының таныстырылымы өтті

«Азаттық аңсаған» кітабының таныстырылымы өтті

Алматыдағы Жазушылар кітапханасында Қазақстан Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы мен Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, алаштанушы-ғалым, публицист, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепбергеннің «Азаттық аңсаған» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Автор жаңа еңбегіне Қазақстандағы саяси репрессия тақырыбын өзек етіп алған. Кітапта репрессия тұзағына түскен бүтіндей бір Айтмұрзаевтар әулетінің тағдыры арқау болған. 1937 жылдардағы репрессияның қанды шеңгеліне іліккен Шамақан Жәлікұлы Айтмұрзаевтың басына түскен қасіреттің зардабын артында қалған ұрпағы – балалары, немерелері, шөберелеріне дейін көргендігі баяндалған. Кітапта негізінен осы Шамаханның үшінші ұрпағы – 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі – Құрманғазы Айтмұрзаевтың қилы өмірі турасында ой толғайды. Ол Желтоқсан көтерілісін тікелей ұйымдастырып, сол үшін түрменің кермек дәмін де татады.

Кітапта Желтоқсан көтерілісіне қатысты мағлұматтар нақты деректермен келтірілген. Еңбек жалпы тарихшыларға, репрессия тақырыбына, Желтоқсан көтерілісіне қызығушылық танытқан барша оқырман, жастар, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Тұсаукесерге жиналғандардың айтуынша, еңбектегі басты кейіпкердің тағдыр талайы мен тағылымынан жұртшылыққа, әсіресе, жастарға алар тәлім жетерлік. Кітап қарапайым тілмен жазылған.

Кітап үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда «Азаттық аңсаған» деректі хикаяты, екінші тарауда кітап кейіпкері туралы «Серке» деректі фильмінің сценарийі, ал үшінші тарауда автордың «Желтоқсан қаhарманы» Құрманғазы Айтмұрзаевты насихаттау барысындағы шаралардан материалдар берілген.

Тұсаукесерге желтоқсан қайраткерлері, тарихшылар және зиялы қауым өкілдері қатысып, аталған еңбекке жоғары бағаларын берді.
Деректі жинақ кәсіпкер, белгілі меценат, ұлтжанды азамат Нұрлан Есқалиевтың демеушілігімен жарыққа шықты. Мың дана таралыммен жарық көрген аталған кітап көркем безендірілген.
14 желтоқсан 2022 ж. 285 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930