Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданы бойынша ауылшаруашылығы саласында айтарлықтай алға жылжу бар

Қазалы ауданы бойынша ауылшаруашылығы саласында айтарлықтай алға жылжу бар

Жер ананы баптап, несібесін тапқан, төрт түліктің басын арттырған қазалылықтар биылғы жылы да еселі еңбек етті. Осы жылдың қаңтар-қазан айларында аудан бойынша барлығы 18 133 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98% құрады.
Ал, 1 қарашадағы есеп бойынша 46 845 бас МІҚ малы(106%. О.і19 073 бас аналығ 104,7%),65 473 бас қой (100,9%),43 763 бас ешкі (90,3%), 44 730 бас жылқы (116,0%),13 047 бас түйе (105,7%),8 142 бас құс(106,6%)тіркелген. Осы аралықта 4893,1 тн ет (101,9%. т/с),13598,7 тн сүт (100,0%),604,2 мың дана жұмыртқа(102,5%),10427 дана ірі тері (108,0%),14 606 дана ұсақ тері (102,0%),89,0 тн жүн (101,7%)өндірілді. Аудан бойынша қаңтар-қыркүйек айларынданегізгі қорға салынған инвестиция көлемі 740,7 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 35,4% артты.
Шаруашылықтар ү.ж. машина-трактор паркін жаңалау мақсатында барлығы 49,0 млн. теңгеге 9 дана әр түрлі ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды.2022 жылдың қаңтар-қазан айларында аудан бойынша барлығы2933 тн ақ күріш пен күріш жармасын, 712,3 тн балық өнімдері және 614 тонна қамыс экспортталды.
Аудан бойынша 2022 жылы барлығы 17 402 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасты (меже 100%. 2021 жылы 17 090 га немесе 101,8%) О.і. дәнді дақылдар 6772 га, майлы дақылдар 263 га, картоп, көкөніс, бақша 2364 га, мал азықтық дақылдар 8003 га. Негізгі дақыл - күріштің көлемі 6 361 га.
Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары толық аяқталды. Дақылдардан(күріш дақылынан басқа) алынған өнім өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары.
Атап айтқанда, 303 га бидай дақылынан барлығы 178 тн өнім жиналып, орта өнім 5,9 цн айналды. Сәйкесінше,78 га арпадан барлығы 38,4 тн өнім жиналып, орта өнім 4,9 цн, 248 га мақсарыдан барлығы 87 тн (орта өнім 3,5 цн), 15 га күнбағыстан 24 тн (орта өнім 16 цн),30 га тарыдан67,6 тн(орта өнім 22,3 цн) өнім жиналды. Сондай-ақ,330 га картоптан4851 тн(орта өнім 147 цн),970 гакөкөністен 13 580 тн(орта өнім 140 цн), 1064 га бақшадан16 386 тн, (орта өнім 154 цн) өнім алынды.
Негізгі дақыл 6 361 га күріштің гектар түсімі 33 цн құрап, барлығы 21 008 тн астық жиналды. Күтімге алынған 4 691 га ескі жоңышқаның 400 га тұқымға қалдырылып, 4 291 гаораққа түсіп, барлығы 12636 тн шөп(орта өнім 29,4 цн)2712 га жаңа жоңышқа дақылынан барлығы 1203 тн (орта өнім 4,4 цн) шөп дайындалса, 600 га жүгеріден барлығы 5 179 тн сүрлем салынды (орта өнім 86,3 цн).
Шаруашылықтар 2023 жылдың егісі үшін өз өнімінен 1750 тн күріш, 32 тнжоңышқа,4,2 тн мақсарытұқымын дайындап, келесі жылдың егісі үшін 2150 га (меже 100%) сүдігер көтерілді.
Мал қыстату науқанына шамамен 91128 бас шартты мал басытүседі, деп болжанып, барлығы 102,0 мың тн шөп, 4,6 мың тн сүрлем, 22,0 мың тн сабан және 25,0 мың тн жем қажет, деп есептеліп, бүгінгі күні(11.11.2022 ж) барлығы 105,2 мың тн (103,1%) шөп, 5,2 мың тн(103,1%) сүрлем, 27,0 мың тн (103,1%) сабан, 22,8 мың тн(91,2%) жем дайындалды.
2022 жылы агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қаблеттігін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында аудан бойынша барлығы 1 102 млн теңгекөлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр.
Инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестірудің бірыңғай схемасына және аудан бойынша жасалынған орта мерзімді жоспарға сәйкес 2023 жылы барлығы 17 753 га(2022 ж 17 402 га, 102%) жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасады, деп межеленуде (о.і. дәндi дақылдар 7380 га, майлы дақылдар 75 га, картоп, көкөнiс, бақша 2250 га, мал азықтық дақылдар 8048 га. Негізгі дақыл - күрiштің көлемі 7200 га)
Айта кету қажет, қазіргі таңда шаруашылықтарда алдағы жылы орналасатын ауылшаруашылығы дақылдарының көлемі нақтыланып, тиісті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ү.ж. 1 желтоқсанына дейін аудан бойынша орналастыру сызбасы дайын болады.
2022 жылы орналасқан 17 402 га ауыл шаруашылығы дақылдары толық жинап алынды (2021 жылы 17 090 га немесе 101,8%) О.і. дәнді дақылдар 6772 га, майлы дақылдар 263 га, картоп, көкөніс, бақша 2364 га, мал азықтық дақылдар 8003 га. Негізгі дақыл - күріштің көлемі 6 361 га (2021 ж 6587 га). Жиналғанған өнім (күріш дақылынан басқа) өткен жылмен салыстырғанда біршама жоғары.
Су тапшылығына орай күріш егісі 2021 жылғы көлемнен 226 га кем орналасты. Сондай-ақ, күріштің пісіп-жетілуіне ауа-райының қолайсыздығы да әсер етіп, өткен жылмен салыстырғанда 8.5 мың тн күріш салысы кем өндірілді Атап айтқанда, 303 га бидай дақылынан барлығы 178 тн өнім жиналып, орта өнім 5,9 цн айналды. Сәйкесінше, 78 га арпадан 38,4 тн (орта өнім 4,9 цн), 248 га мақсарыдан 87 тн (орта өнім 3,5 цн), 15 га күнбағыстан 24 тн (орта өнім 16 цн), 30 га тарыдан 67,6 тн (орта өнім 22,3 цн) өнім жиналды.
Сондай-ақ, 330 га картоптан 4 851 тн (орта өнім 147 цн), 970 га көкөністен 13 580 тн (орта өнім 140 цн), 1064 га бақшадан 16 386 тн, (орта өнім 154 цн) өнім алынды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
10 желтоқсан 2022 ж. 160 0