Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде ет бағасы қаншалықты қымбаттады

Елде ет бағасы қаншалықты қымбаттады

Биылғы қаңтар–тамыз айларында ірі қара, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тектес жануарлардың жас немесе тоңазытылған етін өндіру 46,8 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7% көп, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Үй шаруашылықтарында ет тұтынуы бірінші жартыжылдықта 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% өсіп, орта есеппен жан басына шаққанда 19,5 кг құрады. Бұл ретте ауылдық жерлерде орта есеппен жан басына шаққанда 20,9 кг ет (2,4% көбейген), қалалық жерлерде 18,5 кг 2,9% көбейген) тұтынылған.
2022 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстанда ет тұтынудың негізгі көлемі сиыр етіне тиесілі: орта есеппен жан басына шаққанда 12 кг — 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2,1% артық. Одан кейін жылқы еті мен қой еті келеді: сәйкесінше 3,2 кг және 2,6 кг. Шошқа еті орта есеппен жан басына шаққанда 1,7 кг болды.
Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша, ет бағасы түрлеріне қарай бір айда 0,6%-дан 1,8%-ға дейін, бір жылда 7%-дан 15%-ке дейін қымбаттады.
Сүйегі бар сиыр етінің бағасы бір айдың ішінде айтарлықтай өсті — 1,8%. Шошқа еті 1,5%, жылқы еті 1,3% қымбаттады. Қой етінің бағасы ең аз қымбаттады — 0,6% ғана.
Жылдық динамика бойынша жылқы еті айтарлықтай қымбаттады — 15%. Қой мен шошқа еті 12,7%, қазақстандықтар көп жейтін сиыр еті 7% қымбаттады.
2022 жылдың қыркүйегінде қалаларда сүйегі бар сиыр етінің бөлшек саудадағы килосы орташа есеппен 2387 теңге, қой еті 2660 теңге, шошқа еті 2033 теңге, жылқы еті 2932 теңге болды.
11 қазан 2022 ж. 662 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930