Таза ауа – тіршілік кепілі
Бүгінгі танда атмосферанын тазалык сапасын бұрығы кезден ауыткуда .Оның негізгі себептері ауаға адамның антропогендік іс әрекеттіне болатын әр турлі газдардың шығарылуы. Оларды ауаны ластағыш заттар деп атайды.Негізінен атмосфераның адам ушін атқаратын қызметі жоғары Атмосфера бүкіл әлемді таза ауамен қамтамассыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен оттегі, азот, көмір, қышқыл газы, аргон байытады және жерді метеорит әсерлерінен, кун және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды.
Зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының қызметін реттеп,жалпы жер шарындағы тұрақтылықты уйлестіріп отырады. Бірақ адам баласы ушін зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр.Ең басты себеп ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады.Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері өнеркәсіп,автокөліктер,зауыттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау,ғарыш кемелер мен ұшақтар тағы басқа. Жоғарыда аталған обьектілерден амосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп,барлық тірі организимдерді, ғимараттарды, құрлыс материалдарын бүлдіреді.
Ауа райынан келетін адам денсаулығына зиянды әсерлер, адам ағзасын ауруға шалдықтырады. Атап айтар бослақ, ауа арқылы жұғатын респираторлық ауры, Жүрек қан тамырлары ауруы, репродкутив мүшенің зақымдануы, көк бауыр, бауырдың зақымдануы, семіздік және жүйке жүйесінің зақымдануы.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек,инсульт,өкпенің қатерлі ісігінен,жүрек ауруынан қайтыс болғандардың уштен бірі лас ауадан зардап шеккен.Сол себептен лас ауада көп журмеуге кеңес беремін.Көк шөп шалғын жер ауасы таза суы көп жерлерде жүріп спортпен жие айналысып оз денсаулығымызды жөндеуге шақырамын. Денсаулығымыздын жаксы болуы өз қолымызда .Салауатты өмірді ұстанып қалыпты өмір сүрумізге ат салысайық.
С. М. ҚАРАБАЛАЕВА,
ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы»
ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының
Қазалы аудандық бөлімшесінің
зертхана маманы