Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауру – ауадан

Ауру – ауадан

Қазіргі таңда атмосфераның тазалық сапасы бұрынғыдан да нашар. Оның негізгі себептері – ауаға адамның антропогендік іс-әрекетінен болатын әртүрлі газдың шығарылуынан. Оны ауаны ластағыш заттар деп атайды.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі жоғары. Әлемді таза ауамен қамтамассыз ете отырады және тіршілікке қажетті газ элементтерімен оттегі, азот, көмірқышқыл газы, аргондармен байытады. Жерді метеорит әсерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәуледен қорғайды. Зат және энергиялық алмасуларды, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады. Бірақ адам баласы үшін зор пайдалы ауа бассейіні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ең басты себеп – ауаның ластануы. Атмосфера қабатының сапалық күйінің көрсеткіштері, оның ластану дәрежесі болады. Егер атмосферада ластағыш заттардың шекті мөлшерлі концентрациясы ШМК қалыпты құрамынан асып кетіп сай келмесе, онда ауа ластанған, – деп саналады.
Ластағыш заттардың негізгі көздері өнеркәсіп, автокөліктер, зауыттар, жылу энергетикасы, қару жарақтарды сынау, ғарыш кемелері мен ұшақтар. Жоғарыда аталған обьектілерден амосфераға түскен заттар ауа құрамындағы компоненттерінің қатысуымен химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, топыраққа түсіп, барлық тірі организимдерді, ғимараттарды, құрылыс материалдарын бүлдіреді. Ауа райынан келетін адам денсаулығына зиянды әсерлер, адам ағзасын ауруға шалдықтырады.
Ауа арқылы жұғатын респираторлық, жүрек қан тамырлары ауруы, репродуктивті мүшенің зақымдануы, көкбауыр, семіздік, жүйке жүйесінің зақымдануы.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, инсульт, өкпенің қатерлі ісігінен, жүрек ауруынан қайтыс болғандардың үштен бірі лас ауадан зардап шеккен. Сол себептен лас ауада көп жүрмеуге тырысыңыз.

С.М.КАРАБАЛАЕВА,
«Ұлттық сараптама орталығы»
Қазалы аудандық бөлімшесінің
зертхана маманы

28 желтоқсан 2021 ж. 1 000 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 203

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 151

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930