Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – ел бақыты

Тәуелсіздік – ел бақыты

Тәуелсіздік – ежелден еркіндікті серік етіп, ешкімнің бұйрығынсыз азат өмір сүруді ту еткен қасиетті бабаларымыздың келер ұрпағына сақтаған қасиетті мұрасы. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ өздігінен ешкімге соғыс ашпаған, қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған.
Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамыры терең жіберген қиын да, қызықты тағдыр кешті. Ол негізінен тәуелсіздік жолындағы күреспен өтті. Қазақстаның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ. Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған міндеттердің ауқымымен қатар, жауапкершілік жүгін әлгіндей оқиғағалардың таңбалы тарихи тізбегін, ата-бабамыздың жүздеген ұрпақтарының жанын жай таптырмаған азапты күндерді ескермеуіміз мүмкін емес. Қазақ халқының ойы, арманы – бостандық,тәуелсіздік. Бұл арман қазақ халқына сонау XVIII ғасырда қазақ хандығының қысылтаң уақытында Ресей мемлекетіне Одақ болғаннан бері пайда болды. Ресей империясы қазақ халқының біраз уақыт өзінің қол астына ұстап, талай зорлық-зомбылықтар көрсетті.
XIX ғасырда империя меншігіне айналған жерімізді азат етемін деп Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы, XX ғасырда Бекболат Әшекеев, Әбдіғаппар Жанбосынов, Аманкелді Иманов сынды батырлар халық көтерілістерін бастады.
ХIХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан, Ыбырай, Абай халықты озық елдер қатарынан қалыспауға, білімге шақырса, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев сияқты халық ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысты.
Аңсаған азаттығымызды кеңес үкіметі кезінде де ала алмадық. 1923-1953 жылдар аралығында 103 мыңнан астам ата – бабамыз қуғын сүргінге ұшырады. Елі мен жерін сүйген қаншама ұлт зиялыларының асыл сүйегі далада көмусіз қалды. 1923-1933 жылдары қолдан жасалған ашаршылыққа тап болдық. 1937-1938 жылдары жаппай террор сипат алды. Бұл жылдары қазақтың зиялы тобы А.Асылбеков, С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, Т.Рысқұлов, Ж.Сәдуақосов, М.Масаншы, М.Жәнібеков тағы басқа зиялылар «халық жауы» аталды.
Қазақстан партия ұйымының көрнекті қайраткерлеі О.Исаев, О.Жандосов, Т.Жүргенов, М.Тәтімов, Н.Нұрмахонов, С.Нұрпейісов т.б. көптеген адамдар сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, С. Асфендияров, М. Төлепов жазалау шараларының құрбаны болды.
Тәуелсіздіктің дабылындай болып, кеңестік жүйені дүр сілкіндіріп, халықтың санасын оятқан 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы болды. Қазақ топырағының Желтоқсан көтерілісі тоталитарлық жүйенің сарқылғанын бүкіл әлемге жариялады. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай тәуелсіздік таң атты. Қазақ елі ғасырлар бойы күткен арманға қол жеткіздік. Қорыта айтқанда, Тәуелсіздік біз үшін ең қымбат қазына. Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толды. Бұл – біздің жас мемлекетіміздің кемелдену жылы.
Мен – өзімнің Қазақстандай елде туылып, осындай елде өсіп келе жатқанымды мақтан етемін.Жарқын болашақ күтіп тұрған елімде терең білім алып,Отанымды адал қызмет етіп, елімнің дамуы мен өркендеуіне өз үлесімді қоссамын деймін. Ата-бабамыздың арман еткен бақытты күндеріне куә болып отырған бүгінгі ұрпақ өте бақытты.

Нұргүл ӘЛМЕНОВА,
Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің
тарих пәнінің мұғалімі
12 желтоқсан 2022 ж. 552 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 33

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930