Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН КӨРДІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІН КӨРДІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай ауданға жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге ауданда соңғы жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйін бақылады.
Алдымен Жанқожа батыр ауылындағы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық мектептің жағдайын зерделеді. Мердігер мекеме — «Асар» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, білім ордасы 2025 жылдың наурыз айында пайдалануға берілген болатын. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы мердігер мекеме тарапынан мектеп ғимаратының кейбір аумақтарындағы кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Мұнан кейін Қазалы қаласындағы 2022 жылы пайдалануға берілген «Өрімтал» балабақшасының жағдайын көрді. 140 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстарын «СМП-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер мекеме ретінде жүзеге асырған болатын. Қазіргі таңда балабақшаның сыртқы аумақтарында, жертөлесінде бірқатар кемшіліктер анықталып отыр. Облыс әкімінің орынбасары мемлекет қаржысына салынып, тұрғындар игілігі үшін берілген әрбір нысанның жағдайы, мекемелердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мәселесі әрдайым басты назарда болуы керектігін жеткізді. Осыған сәйкес анықталған кемшіліктерді жөндеу бойынша жауапты басқармалар тарапынан алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылатындығын айтты.
Аудандағы әлеуметтік нысандарды аралау барысында Қайрат Ырзақұлұлы 2018 жылы мердігер мекеме «Промстройсервис» ЖШС-і тарапынан құрылысы жүргізіліп, 2019 жылы пайдалануға берілген Қазалы ауданы әкімдігі ғимаратыныңда бүгінгі жағдайын көрді.
Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапары барысында аудан орталығындағы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген теміржол вокзалы ғимараты мен теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жұмыстарын да көрді. Өткен жылы «СтроймодульАстана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі теміржол вокзалы аумағын абаттандыру жұмыстарын бастаған болатын. Қайрат Ырзақұлұлы мердігер мекеме «СтроймодульАстана» ЖШС-нің жауапты өкіліне 2024 жылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген Әйтеке би көшесі мен вокзал аумағындағы абаттандыру жұмыстары аймақ басшысының тікелей бақылауында екенін айтып, белгіленген жұмыстарды қысқа мерзім ішінде аяқтауды тапсырды.
08 сәуір 2026 ж. 41 0

ТАСТАМАШЫ, АНА...

08 сәуір 2026 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930