Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ АКЦИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, ұлттық бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес қалалық орталық алаңда «Денсаулыққа бiрге! Ғылыммен бiрге!» ұранымен жаппай дене жаттығуы мен флешмоб ұйымдастырылды.

Мемлекеттік Әнұранмен ашылған шарада алдымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбiлпатта Алмас Әбдіғаппарұлы мен медицина саласының ардагері Сағындық Шамшиев сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап, жиылған жұртты әрдайым денсаулықтың алдын алуға шақырды.

Одан кейін басқарма басшысы бiрқатар бас дәрiгерлерге мерекелiк дипломдар табыстады. Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетейік, акцияда қалалық емханалар мен облыстық қан орталығы және жастар денсаулығы орталығының мамандары денсаулық бұрыштарында халыққа медициналық қарап тексеру көмектерiн көрсетті.
08 сәуір 2026 ж. 37 0

ТАСТАМАШЫ, АНА...

08 сәуір 2026 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930