Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда Қазақстан азаматына қарулы шабуыл жасалды

Түркияда Қазақстан азаматына қарулы шабуыл жасалды


Фото: Shutterstock.com
Күдіктілер Грузия азаматтары болып шықты.

Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан азаматы қарулы шабуыл салдарынан қаза болды. Оқиға 31 наурыз күні шамамен сағат 16:30-да Зейнеп Камиль көшесінде болған.

Haberler.com мәліметінше, белгісіз ер адам жәбірленушінің жанына жақындап, оның басына оқ атқан. Алдын ала дерек бойынша, марқұм курьер болып жұмыс істеген.

Қылмыс сәті көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Түркия полициясы күдіктіні бір тәуліктен кейін шекарада қолға түсірді. Ол елден қашып кетпек болған. Сонымен қатар оның сыбайласы ретінде тағы бір адам ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, екі күдікті де Грузия азаматтары.

Оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, Түркияның құзырлы органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың туыстарына қажет көмек көрсетіп жатыр. Іс министрліктің бақылауында", – делінген хабарламада.

07 сәуір 2026 ж. 249 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930