Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Міне, биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының отызыншы жылына қадам басқалы отыр. Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Онда ұлт көшбасшысы тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы қарсаңында тәуелсіздіктен тағылым алу үшін туған халқымен ой бөліскен. Саяси оқиғаларды рет-ретімен баяндалған мазмұны бай мақалада еліміздің 30 жылдық тарихы толық баяндалған. Елбасы өз мақаласын өткен күннен алған тәжірибелерді бүгінгі заманның талабына сай әрекет етуге шақыратын батыл қадамдарымен ұштастырған.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз береке-бірлікке, ынтымаққа, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімге негізделген саясатты жүзеге асырдық. Бұл елімізді үздіксіз өсу мен өркендеуге бастады. Осының қадірін білуіміз керек екенін де Елбасы еске салды.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы тұғырлы да, баянды болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
Кәдір Ардақ Нартайұлы,
Қазалы аудандық мәслихатындағы
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
08 желтоқсан 2021 ж. 2 242 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 118

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930