Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік - ел тұғыры

Тәуелсіздік - ел тұғыры

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
Халқымыздың бақыты бола білген Тәуелсіздігімізге биыл отыз жыл толғалы отыр. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тəуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарық көрді. Аталмыш мақалада бүкіл қазақтың жүздеген жылдық тарихы қамтылып, ата-бабаларымыз аңсап, армандап өткен тәуелсіздікке қалай жеткеніміз, оның темірқазығын қалайша берік бекемдегеніміз туралы кеңінен айтылып, көрсетілген.
Елбасы халқымыз үшін аса қастерлі осы ұғымның мән-мағынасын айта келе: «Ол – ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы жан алысып, жан беріскен сан ғасырлық күресінің заңды жалғасы, халықаралық құжаттармен бекітіліп, мәңгілікке берілген сыйы», – деп тұжырымдаған. Мақалада 30 жыл ішінде тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында атқарылған қыруар істер, оның ішінде кездескен қиындықтардың қалайша еңсерілгені және жеткен ұлан-ғайыр жетістіктер байыппен баяндалған.
Тәңірден келген тәтті сыйымызға ата-бабаларымыздың ел егемендігі үшін толассыз күресінің нәтижесінде қол жеткізгеніміз көпке аян. Сондықтан әрқайсысымыз үшін ең негізгі саяси, экономикалық, рухани құндылық ол – тәуелсіздігіміз. Осындай тұғыры берік тәуелсіздігіміздің көк туы қашанда биікте желбіреп, тату-тәтті өмір сүріп отырған, бірлігі жарасқан хал­қымыздың болашағы әрдайым жарқын бола беретініне кәміл сенемін.

Бөлебаев Райымбек Болатбекұлы
Қазалы аудандық мәслихатындағы
«Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
13 желтоқсан 2021 ж. 1 044 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 139

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 145

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031