Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Боксшіні еске алуға арналған белдесу

Боксшіні еске алуға арналған белдесу

Сәуір айының алғашқы аптасында Әйтеке би кентіндегі «Амир арена» спорт кешенінде бокстан Халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы, спорт шеберлігіне үміткер Шыңғыс Боранбаевты еске алуға арналған спорттық шара өтті.
2014–2015 жылы туған кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Мұрат Байғабылұлы ауданда атқарылып жатқан салаға байланысты оң өзгерістер мен жастар мен жасөспірімдер жетістіктеріне тоқталды. Бұл турнир – тек жарыс қана емес, жас ұрпақты спортқа баулитын, елжандылық пен табандылыққа тәрбиелейтін маңызды алаң екенін атап өтіп, жарысқа қатысушылар қадамына сәттілік тіледі.
Шарада ⁠сөз сөйлеген спорт ардагері Қуанған Бәкенов, аудандық маслихат депутаты, спорт жанашыры Арғын Орынбаев Шыңғыстың спорттағы жолына тоқталып, жастарға үлгі етсе, спортшының әкесі Бағысбай Боранбаев ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Шыңғыс Боранбаев – Қазалы ауданының тумасы. Жастайынан спортқа жақын болған ол мектеп қабырғасынан бастап бокспен айналысып, алғашқы жетістіктерін де ерте көрсеткен. Ақтөбе қаласында өткен республикалық жарыста ең жеңіл салмақта жеңіске жетіп, алтын медалін Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраймовтың қолынан алған сәті көпшіліктің жадында.
Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернатының бокс бөліміне қабылданады. Республикалық және халықаралық жарыстарда топ жарып, Қазалы ауданының мерейін асқақтатқан. Спорт шеберлігіне үміткер нормативін орындап, кәсіби жолын жалғастырған. Алматыдағы республикалық спорт колледжінде білім алып, тәжірибесін жетілдірген. 2009 жылы Астана қаласында Кубалық боксшылармен бірлескен оқу-жаттығу жиынында болып, тәжірибесін шыңдайды. 2012 жылы Республикалық спорт колледжін ойдағыдай бітіріп, құжаттарын Спорт және Туризм Академиясының сырттай оқу бөліміне тапсырды.
Еңбек жолын дене шынықтыру саласында бастап, бокс жаттықтырушысы, әдіскер болып болып жас спортшыларды тәрбиелеуге үлес қосқан өз ісінің маманы, көпшіл, отансүйгіш азамат 2016 жылы небәрі 24 жасында кездейсоқ жағдайда көз жұмады.
Жас былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтап, жеңіс тұғырынан көріну үшін бар күш-жігерін салды. Жарыс – спорттағы үздіктердің рухына тағзым етіп, олардың жарқын жолын кейінгі буынға үлгі етуге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі екендігін көрсетті
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жас спортшыларды қолдау, олардың шеберлігін шыңдау және ел намысын қорғаған дарынды боксшы Шыңғыстың Бағысбайұлының жарқын бейнесін ұлықтау мақсатындағы іс-шараға облыстың барлық аудандары және Қызылорда, Шымкент қалаларынан 120-ға жуық жас спортшылар түрлі салмақ бойынша сынға түсті. Турнирге өңірдің түкпір-түкпірінен келген жас былғары қолғап шеберлері қатысып, өзара мықтыны анықтады. Әр кездесу тартысты өтіп, спортшылардың дайындығы мен жеңіске деген жігері айқын байқалды. Жас боксшылар тек күш сынасып қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, спорттағы достық қарым-қатынасты нығайтты.
Шара барысында ұйымдастырушылар еске алу турнирінің маңыздылығына тоқталып, мұндай жарыстар жас спортшылардың рухын көтеріп, олардың бойында табандылық, батылдық және елжандылық қасиеттерді қалыптастыратынын атап өтті.
Белдесу нәтижесінде 26 келі салмақта қарсылас шақ келтірмеген қазалылық спортшы Мирас Қожаберген алтыннан алқа тақса, екінші орынмен Мирасқа есе жіберген жалағаштық Айбатыр Самалбек еленді. Үшін орын байқожа ауылынан қатысқан Мұқағали Жандосқа пен Қызылорда қаласынан келген Әлислам Шалабайға бұйырды.
28 келі салмақта бірінші орын биігіне қызылордалық Бейбарыс Сұлтанбек көтерілді. Екінші орынды қазалы ауданының спортшысы Жігер Сейтжан алса, қазалылық Бексұлтан Әзірбай мен түркістанның тумасы Иманғали Турды қола жүлдені місе тұтты.
Арал ауданының Сексеуіл кентінен келген Бағдәулет Жұбан Сексеуіл 30 келі салмақта үздіктердің көшін бастады. Қызылорда қаласынан келген қатысушы Шыңғыс Досбол күміс медальмен күптелді. Шыңғыстың жерлері Әлинұр Серикбай мен Баккожа клубы атынан шыққан Рахман Елшора бұл салмақтағы үштікті толқытырды.
Қызылорда қаласының үміткері Ералы Болат 32 келіде өз мықтылығын көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Екінші орынды секеуілдік Айсұлтан Батырғали алды. Үшін орында Қ.Пірімов ауылынан келген боксші Надершах Ертай мен жалағаштық Темірлан Жұмағали үзеңілес кел жатқандарын анықтатты.
Бұл салмақ бойынша екі топ жүлдеге таласты. Бірінші орын сондай-ақ Қызылорда қаласының балуаны Нәби Сердалыға бұйырса, екінші орынды аралдық Қуаныш Мырзабай алды. Үшінші орынға қызылордалық Әділхан Жұмағали мен жерлесіміз Арсен Сағырбек лайқы деп танылды.
Барлығы 14 салмақ бойынша өткен белдесу нітижесінде командалық есеп бойынша Тасбөгет кенті №5 спорт мектебінің жасөспірімдері бірінші орынға қол жеткізді. Әйтеке би кенті №17 спорт мектебі екінші орынды еншілесе, үшінші орынға Қызылорда қаласының №6 спорт мектебі тәрбиеленушілері қол жеткізді.
Үш күнге созылған спорт сынында үздік шыққан спортшылар арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, спорт саласына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға арнайы марапаттар берілді..
Турнирге қатысқан барлық жасөспірімдер үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе мен жаңа белеске бастар қадам болды. Мұндай еске алу турнирлері – тек спорттық дода ғана емес, өткенді құрметтеп, болашаққа нық қадам жасауға үндейтін тәрбиелік мәні зор іс-шара екені сөзсіз.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
08 сәуір 2026 ж. 36 0

ТАСТАМАШЫ, АНА...

08 сәуір 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930