Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәуелсіздік – баға жетпес байлық

Тәуелсіздік – баға жетпес байлық

Уақытпен жылжып Тәуелсіздік мерекесі де келіп қалды. Тәуелсіздік күнінің орны ерекше. Бұл еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн. Ұлыстың ұлы күні. Азаттық – ата-бабаларымыздың көптен көксеген асыл арманы еді. Сол асқақ арманға қол жетті. Кешегі қазақ жастарының өршіл мінезін танытқан Желтоқсан көтерілісі де жаңа тарихымызға елеулі із қалдырды. Биылғы жылы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ елі бұл күндері төрткүл дүниеге танымал. Мемлекетіміз ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар, іргелі бағдарламалар қабылдап солардың бәрін сәтті жүзеге асырып келеді.
Елбасымыздың бүгінгі жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында қазақ дейтін ұлы халықтың болмысы, оның өркениеті, Тәуелсіздігі туралы ой қозғалған. Әр халықтың сан ғасырлық тарихы бар. Ал біздің қазақ халқының тарихы сонау тереңде жатыр. Адам өткен тарихын жақсы білмесе, болашаққа нық қадам баса алмайды Сондықтан да өз ұлтымыздың, өз еліміздің Тәуелсіздігін, әдет-ғұрпын ұмытпай,қастерлей білуіміз керек. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткізгеніміз баршаға аян. Тәуелсіздік күні жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды, салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Ендеше, бар игілігіміздің бастауы болған Тәуелсіздігімізді бағалап, ардақтай білейік, ағайын!

«Jas Otan» Жастар қанаты Қазалы аудандық филиалы
бөлімше басшысы Нұрбек Ақпанбетов
06 желтоқсан 2021 ж. 1 545 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930