Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жырыммен жанымды емдеймін

Жырыммен жанымды емдеймін

Басықара ауылы десе көпшіліктің ойына бірінші су торабыкелсе, енді біріне емші Абат ата есімімен аталған орталық сап ете қалары сөзсіз. Марқұм бабамыздың қасиетті алақанына жүгініп жер-жерден, елді-мекендерден ағылып көліктер келіп жатады. Алайда «Жігітке жеті өнер де аз» демекшіАбатбабамыздың тек емшілік қана емес ақындық өнері де болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырған Абат ата барлық тұрмыс-тіршілігін, балалары мен немерелерін жырға қосатын. Атамызды талай ақындар додасына алып барып, қанжығамызға жүлделер де байлағанбыз. Бір сөзбен айтқанда, өте сауатты, текті кісі болатын.
«Тұлпардан тұлпар туады», демей ме, дана қазақ. Бүгін де атамыздың ізін жалғастырушы ұлы Қайрат ағамыз шаңырақта отыр. Сол баяғыша көліктер ағылып, «Қайраттың үйі қайсы?», деп сұрайтын болды қазір. Абат атамыз өмірден қайтар шағында ұлы Қайрат ағамызға батасын беріп, ұлы жолын жалғастыруына қарсы болмаған.
Қазіргі таңда ағамыз науқастарды емдеп, халықтың батасын алып жүр. Сонымен қатар, атамыздың ақындығы ұлына да қонған екен. Оған дәлел ұлы Қайрат ағамыздың ұйқасы келіскен, мағыналы, мәнді өлеңдері.
Осындай рухани дүниені азық етіп жүрген талантты тұлғаны насихаттау әрбір мәдени ошақтың басты парызы.
Ағамыздыдың шығармашылығын дәріптеу мақсатында Басықара ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Жырымен жанын емдеген» атты әдеби сазды кеш өткізді. Қайрат ағамызбен кездесу кешіне Қазалы аудынының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Аудандық мәдениет орталығы , ауыл халқы, мектеп оқушылары қолдау білдіріп, жоғары дәрежеде өтуіне атсалысты. Бөлім басшысы Болат Әбенұлы және Басықара ауылының тумасы , ел ағасы Ибадулла Тілепұлы , сондай ақ , ауылдық округтің бас маманы Бақытбек Алтынбекұлы жылы лебіздерін білдіріп, кешті ашып берсе, аудан және ауыл өнерпаздары ағамыздың шығармашылығынан өлеңдер оқып, әдемі сұхбат өрбіді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет майталманы, әнші , ауданымыздың мақтанышы Галя Оспан апайымыз Қайрат ағамыздың «Анашым» деген өлеңіне ауданымыздың қаймағы, сазгер Нұрмаш Алғашбаевқа ән жаздырып Қайрат ағамызға тосын сый жасады. Ән орындау барысында ақын ағамыз көрермен залында отырған анасы Айжамал апамызға құрмет көрсетті. Аудан өнерпаздары әнші Мұрат Әділов, жыршы Кеңес Ердәлетовке, термеші Қаламқас Сүйінтаеваға, сондай-ақ кешімізді жүргізген Талап Мурзалиевке, жинақталған ақын шығармашылығын кітапша етіп шығаруға атсалысқан Айгул Маратқызына шексіз алғыс білдіреміз.

Басықара ауылы
12 желтоқсан 2022 ж. 488 0

«Тоқаев Әлиев емес»

03 қаңтар 2025 ж. 33

Жапония туралы 33 дерек

03 қаңтар 2025 ж. 35

«Жыл адамы» анықталды

02 қаңтар 2025 ж. 73

Тағы да жер сілкінісі

02 қаңтар 2025 ж. 53

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!

01 қаңтар 2025 ж. 105

Жылан жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2024 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031