Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлзира Айдарбекова Уәлібек Әбдірайымовқа жауап берді

Гүлзира Айдарбекова Уәлібек Әбдірайымовқа жауап берді

Елімізге белгілі сықақшы, «Шаншар» театрының директоры Уәлібек Әбдірайымовтың Youtube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбаты жарияланған болатын. Сұхбат барысында театр директоры елімізге белгілі әнші Қайрат Нұртас пен анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбековаға реніші барын «қаттырақ» айтқан еді. Артынша, Қайрат Нұртастың Instagram парақшасына торғайлық ақын Саят Әбеновтің өлең шумақтары жүктелді:
«Қаралауға дайынбыз,
Табалауға дайынбыз.
Кінәсі жоқ жанды да
Жаралауға дайынбыз…»
Қайраттың ойын оқырмандары мұның кімге бағытталғаны туралы түрлі пікірлер қалдырған. Сондай жазбалардың бірінің астына Қайраттың анасы да өз пікірін қалдырыпты. Бір желі қолданушысы: «Қайреке, Уәлибекті «жоски» қадап кетіпсің ғой. Әжептәуір жігіт ең ғой, Шымқаланың», – деп пікір қалдырған.
Ал оған әншінің анасы: «Жоски қадап кетті дейтіндей, барамын деп уәде беріп жарнамаға жариялатқан жоқ. Екі концертке шақырды, бара алмайтынын мен айттым, Қайрат емес. Қайрат қай күні қайда барам деп заказ алып отырмайды, ол білмейді де, заказды алатын біз. Тиіссе маған тиіссін, әкесіне де, Қайратқа да одан қалса бүкіл өнер адамдарына тиіспей. 25 жылдық кешіне бара алмайтынын, өз жұмысымыз бар екенін айтқанда жасап отырған ылаңы ғой Уәкеңнің. Қайратты шақырғандар ақымақ дейді, сонда өзі неге ақымақ болып қайта-қайта шақыртып отыр. Одан қалса Қайратты тыңдамайтын қазақ жоқтың қасы, бүкіл қазақ халқы ақымақ болып тұрғаны ғой. Онда бәрің тек «Шаншарға» барсаңдаршы. Қаршадай балаға, сақалы сапсиғанда тиісіп отырғанының өзі..» — деп жазады. «Уакең, Қайратты өссін-өнсін, шығарайық деп шығарған жоқ шығар. Билеттерін өткізіп берейін деп, менде қолымнан келгенше көмектестім. Мойнымда қарызым жоқ. Ол Қайраттың мектепте оқып жүрген кезі болатын. Ол концертке шығармасам, басқа концертке шығарар едім, шығардым да. Сол «Шаншардан танылды» деп айту артығырақ. Бәрібірде Уакеңді сыйлаймыз, Нүрекең өткен жолы бір ауыз сөзін тастамай, Астанадан арнайы Шымкент облысына бәйгесіне барып ақшасын да қосып кетті, олда болса сол кісіге деген құрметіміз. Қайраттың бос еместігін айтқанымыз күнә емес шығар, уәде беріп бармай қалсақ әңгіме басқа. Қайрат та халықтың адамы, бос күні санаулы, ағасы не көкесі шақырып еді деп халықтың қызықшылығындағы тапсырыстарына бейқам қарай алмаймыз. О баста, біреуге сенбе өзіңе сен, ешкімге тәуелді болма, ана тойыма кіріп бер, мына жаққа кіріп бер деген ешкімнің міндеті болмасын деп тәрбие бергенбіз. Ал Экспо концертіне деп звондағаны рас, ол кезде де бос емес еді, бірақ тура сол концертке басқа жігіттер звондап қоймаған соң, бәрібір команда шығар деп, Уакеңнен ұят болмасын деп, той иесінен кешірім сұрап, келіскен болатынбыз. Сөйтсем бір концерт болғанымен басқа адам екен. Кейін Уәкең звондаған соң, сіздің команда екен деп ойлап, ұят болмасын деп сіз үшін жіберіп едім деп айтып смс-терімізді жібергенмін. «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» дегендей бәрібір реніш болды. Себебі өзімізде көмекшілерімізге тапсырып жатамыз, солай көмекшілері бәрі бір команда бір концерт болған соң деп ойлағанымыз да рас» — дейді әншінің анасы.
Ал, Қайраттың оқырмандары екі өнер алыптарының арасындағы ренішті түрлі қабылдаған. Бірі әншіні жақтап «Керемет, Қайрат бауырым, Гулзира ханым, жұрт айтса айта берсін. Аман болыныздар!» десе, бірі «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Әртістер енді ақшаға таласып жатыр» деп жазады.
jasqazaq.kz
27 қыркүйек 2019 ж. 962 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930