Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2027 жылы барлық ауылдағы мобильді байланыс сапасы тексеріледі

2027 жылы барлық ауылдағы мобильді байланыс сапасы тексеріледі

Келесі жылдан бастап əкімдіктер уəкілетті органмен бірге елдегі барлық ауылда мобильді байланыс сапасын тексеруге кірісуі тиіс.
2027 жылы барлық ауылдағы мобильді байланыс сапасы тексеріледіФото: ЖИ
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2024–2025 жылдары 1052 "ақ дақ" анықталды.  Оның 213-інде мəселе осы күнге дейін шешілген жоқ. Əкімдіктер осы учаскелердің əрқайсысында байланыс нысандарына жер бөліп, оларды электр желісіне қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Операторлармен бірге тұрғындарға жабдықтың қайда орнатылатынын жəне байланыс сапасының қалай жақсаратынын түсіндіруі керек. Биылғы жоспарлы өлшеу кезінде тағы 289 "ақ дақ" анықталды. Оның 70-інде мəселе шешілді", – деді министр Үкімет отырысында.
Жаслан Мәдиевтің сөзінше, жұмыстар созылып жатқан жерлерде операторлар алаңдар мен байланыс мұнараларын бірлесіп пайдалануы керек. 
"Қайта өлшегенде байланыстың тұрақты екені расталса ғана учаскені бақылаудан аламыз. Əкімдіктер Мемлекеттік радиожиілік қызметімен тест-драйв өткізуге арналған шарт талаптарын алдын ала келісуі тиіс. 2027 жылғы қаңтардан бастап əкімдіктер уəкілетті органмен бірге елдегі барлық ауылда мобильді байланыс сапасын тексеруге кірісуі керек", – деп атап өтті ведомство басшысы.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда тағы 3 дата-орталық іске қосылатынын жазғанбыз.
24 қараша 2026 ж. 13 0

Қытайда жер сілкінді

24 қараша 2026 ж. 19

Қамданған қапы қалмайды

24 қараша 2026 ж. 71

Үш парақ

24 қараша 2026 ж. 66

Ұлт тағдырындағы ұлы күн

24 қараша 2026 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30