Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дүбірлеп өткен дода

Дүбірлеп өткен дода

Бағзыдан ән мен жырға төрін берген өңірміз. Әсіресе, айтыс десе делебеміз қозып тұратыны белгілі. Қанға сінген текті өнерді құлай сүйгендігімізден шығар, қай жерде айтыс басталғанын білсек, сол маңнан табылғымыз келетіні рас. Артынып-тартынып, тайлы-тұяғымыз қал­май баруға асықпыз.
Дәл осындай дүбірлі доданың бірі – Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда өтті. Бір қызығы, еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейінгі ағайынның басын қосқан бұл айтысты «Орынбет ишан» мешіті ұйымдастырыпты.
«Ақындар дінді жырлайды» деген тақырыбының өзі өткелі отырған жыр бәсекесінде қолына қасиетті қара домбыра ұстаған жастардың имандылық пен ибалылықтан аттамай, сахнада ақиқи әңгіме айтатынын аңғартқандай.
Кеш тізгінін белгілі айтыскер ақын Ермекбай Ағыраев өз қолына алғаннан жас сүлейлер өнері қызып сала бергенін айтпай кетпеуге болмас. Бірі тауып айтып, екіншісі тақырыптан ауытқымай жырлаған айтыс­керлер көпшіліктің көзайымына айналды.
Қиқуға толы ақындар айтысының бас жүлдесін Ү.Түктібаев ауылының тумасы Азамат Жақсыкелді қанжығалады. Ал, бірінші орынды Майдакөл ауылынан келген жас жүйрік Мұхаммед-Шархан Қанапия иеленді. Сондай-ақ, екінші, үшінді орындарды майдакөлдік Бекзат Серіков пен Бекзат Әбдіхан өзара бөлісті. Мұнымен қоса, әділқазылардың бірауыздан шыққан шешімімен, тағы бір үшінші орын Ү.Түктібаев ауылынан айтысқа ең алғаш рет қатысып отырған Нұршат Құлмұратқа бұйырды. Осы орайда, барлық жүлдегер қаржылай сыйлықтармен марапатталғанын айта кеткен жөн.
Шара соңында айтыстың өтуіне демеу­шілік жасаған жеке кәсіпкер Жетес Ідірісов ауыл қарияларына шапан жапты. Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік қажы Сүлейменов, «Орынбет ишан» мешітінің имамы Ғабдулла қажы Ізәт айтулы аламанның жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.
Есет ТАБЫНБАЕВ
31 наурыз 2018 ж. 2 350 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930