Кәсіпкерлік субъектілерінің реестрі жүргізілуде

Екінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал топтарындағы кәсіпкерлер.
Үшінші санатқа – халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсететін немесе оларға арнап тауарлар өндіретін кәсіпкерлер.
Төртінші санатқа – экология, білім, мәдениет, өнер және тағы басқа мәселелерін шешумен айналысатын кәсіпкерлер жатқызылады.
Реестрге енгізілген кәсіпкерлерге қаржылық, мүліктік, инфрақұрылымдық, институционалдық және ақпараттық қолдау, салықтық жеңілдіктер секілді мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі. Мәселен, ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлер саны 51% құрайтын ұйымдар корпоративтік табыс, әлеуметтік және жер салықтарынан босатылады. Мүлік салығын есептеу кезінде жеңілдіктерге ие болады.
Сонымен қатар, барлық салық төлеушілер үшін, тіпті әлеуметтік кәсіпкерлер болып табылмайтындар үшін келесі жеңілдіктер қарастырылған. Мүлікті (коммерциялық емес және әлеуметтік ұйымдарға) өтеусіз беру немесе қайырымдылық көмек көрсету кезінде құнына салық салынатын табыс мөлшері 4%-ға дейін төмендетіледі.
Мүгедектігі бар адамдарға төленген жалақының 2 еселенген мөлшеріне және мүгедектігі бар адамдарға төленетін жалақыдан және басқа да төлемдерден әлеуметтік салық сомасынан 50%-ға салық жүктемесі төмендетілді.
Мүгедектігі бар адамдар жеке табыс салығын төлеуден босатылды (күнтізбелік жылға 882 еселенген АЕК немесе 2,4 млн теңге шегінде).
Кәсіпкерлерді реестрге енгізу үшін Қағидаға сәйкес тоқсан сайын хабарландыру беріліп, арнаулы комиссияның қарауына енгізу үшін құжаттар қабылданады.
Толық ақпаратты Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы арқылы алуға болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат