Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлік жобасы іске қосылды
Әлеуметітк кәсіпкерлік жобасы аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға ие болып қана қоймай, салықтан да босатылады. Бұл туралы әлеуметтік кәсіпкер және Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы жаңа заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі Эмин Әскеров ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
Брифинг барысында Әскеров Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы жаңа заң жобасын түсіндірді. 2021 жылдың 24 шілдесінде Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қаралған. Аталған заң осы жылдың қаңтар айынан бастап енгізілген. Оған дейін заңның актілер әзірленіпті.
Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір шарттар аясында атқарылатын кәсіпкерлік. Бұл шарттар халықтың осал топтарын жұмысқа тартумен байланысты, яғни ерекше қажеттілігі бар адамдарды, егде жастағы және сотты болған адамдарды, жетім балаларды жұмыспен қамту. Осы сәтке дейін өңірлерде арнайы комиссия құру бойынша жұмыс жүргізілді. Олар әлеуметтік кәсіпкерлердің өтінішін қарайды. Қазіргі сәтте рестрге Қарағнады облысының екі кәсіпкерінің өтініші ғана тіркелген. Жыл соңына дейін аталған рестр толығып отырады. Ал рестрге енген кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауға ие болады,-деді ол.
Оның айтуынша, елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатындар үшін мемлекеттік қолдаудан өзге салықтық жеңілдіктер жасалған.
Мәселен, мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің 51 пайызында мүгедектігі бар болса, кәсіпорын табыс, әлеуметтік және жер салығынан босатылады,-деді Эмин Әскеров.
Сонымен қатар ол өзге елдер осындай тәсіл арқылы әлеуметтік мәселелерді шешіп отырғанын жеткізді.
Халықаралық тәжірибеде Әлеуметтік кәсіпкерлік табыс табудың емес, қоғамның осал топтарына жұмысқа тарта отырып әлеуметтік мәселені шешу тетігі ретінде қаралады. Бұл қоғамға пайдалы. Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатындар мүгедектігі және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жұмыс орнын ашады. Мұндай тәжірибе АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде оң нәтиже көрсетіп, әлеуметтік мәселені шешуге негіз болды,-деді ол.
#жоба #әлеуметтік кәсіпкерлік #іске қосылды