Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Қазақстанда желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, қар, бұрқасын, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында қатты қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың батысы мен қиыр солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген хабарламада.
Кейін Салехард аудандарынан арктикалық суық ығысып, ауа температурасы төмендейді:
  • еліміздің батысында түнде -13-23°C дейін, күндіз -5-15°C дейін;
  • солтүстікте және орталықта түнде -25-33°C дейін, күндіз -12-25°C дейін;
  • шығыста түнде -25-37°C дейін, күндіз -17-23°C дейін;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -10-22°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.
"Бірінші онкүндік аяғында Скандинавия аудандарынан циклон тұрақсыз ауа райын тудырады, ҚР солтүстік-батыс өңірлерінде, содан кейін елдің қалған аумағында аяздың әлсіреуіне әкеледі.
Болжам бойынша, 2022 жылғы желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер жылы күндермен алмасып отырады, сонымен қатар қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын көбіне жаңбыр және жылбысқы қар түрінде болады деп болжанады. Сондай-ақ, көктайғақ құбылыстары мен тұман жиі байқалады", - делінген хабарламада.
Болжам бойынша, бір ай ішінде циклон белсенділік әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі, ал солтүстік-батыс антициклондардың енуі кезінде бірнеше суық толқындар болжанады. Осылайша, желтоқсанда ауа температурасының ауытқуы жиі байқалады деп күтіледі:
  • ҚР солтүстік жартысында түнде -25-35°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С-тан 0 -5°С-қа дейін.
  • ҚР оңтүстік жартысында түнде -17-23°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-тан +3+10°С-қа дейін.
"Жалпы, болжам бойынша желтоқсанда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, республиканың қыир батысында, солтүстігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтіледі.
Желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде - нормадан көп, еліміздің шығыс бөлігінің басым аймағында, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста норма шамасында болады деп болжанған", - дейді синоптиктер.
01 желтоқсан 2022 ж. 354 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930