Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

2022 жылғы ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
Ақпан айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде, бұл Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты болады. Еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады. Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп болжанады.

Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклоны Қазақстанның басым бөлігінде аязды және көбінесе аз жауын-шашынды ауа райын шарттайды, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары күтіледі. Содан кейін циклонның солтүстік-шығыс бағытта ауысуымен республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы күтіледі.

Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында ҚР оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Бірінші онкүндіктің ортасында еліміздің солтүстігінде және орталығында түнде -10-20°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -5-15°С-тан 0,-8°С-қа дейін аяздың әлсіреуі болжанады.

Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура фоны түнде -18-23°С-тан -12-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28-33°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -5-10°С-қа дейін жоғарылайды.

Екінші және үшінші онкүндіктерде ауыспалы барикалық түзілімдермен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасынмен, оңтүстігінде жекелеген күндері шаңды дауыл күтіледі.

Жекелеген күндері Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның әсерінен температуралық фон төмендейді деп күтіледі:
– батыста және солтүстік-батыста түнде -12-22°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін;
– солтүстік жартысында түнде -20-35°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін;
– оңтүстік жартысында түнде -8-15°С-қа дейін, күндіз -5+3°С-қа дейін.

Жекелеген күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты температуралық фон жоғарылайды деп болжанады:
– батыста түнде -5+1°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-қа дейін;
– солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -3-15°С-қа дейін, күндіз -6+3°С-қа дейін;
– оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+12°С дейін.
01 ақпан 2022 ж. 571 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031