Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 сәуірге ауа райы болжамы: тұман, шаңды дауыл, жаңбыр

12 сәуірге ауа райы болжамы: тұман, шаңды дауыл, жаңбыр

Синоптиктер 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанда найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұрқасын, тұман, шаңды дауыл күтіледі.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, оңтүстік жартысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары қысымды алқаптың әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – бұрқасын, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі» делінген Қазгидромет хабарламасында.

Алматы облысында күндіз шығыста, таулы және тау етегіндегі аудандарда синоптиктер найзағай ойнайды, оңтүстікте, шығыста жел 18-23 м/с күшейеді деп болжайды.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда күн күркіреп, көктайғақ күтіледі, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда – найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с.

Ақмола облысында оңтүстік-батыста – найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды облысында батыста, оңтүстікте – найзағай ойнайды, түнде – жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Орталықта, Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде және таңертең – найзағай, көктайғақ, орталықта – жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстік-батыста, күндіз басым бөлігінде – жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с.

Күндіз Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде – найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында – тұман.

Қостанай облысының оңтүстігінде – найзағай, оңтүстікте, шығыста – жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде – найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, күндіз Павлодар облысының орталығында – жел 15-20 м/с күшейеді.
12 сәуір 2022 ж. 621 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930