Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Толғанбектің туындылары

Толғанбектің туындылары

Қазалылық ағаш шебері Толғанбектің қолынан шыққан туындылардың әрқайсысы бір-бір тарих. Ол әр бұйымды жасағанда тарихи жазбаларға, әдеби шығармаларға, аңыз дастандар мен толғауларға сүйенеді. Кітаптарда сөзбен суреттелген оқиғаларды ағаштан ойып жасайды. Шебер темірден бұйым жасарда бүгінде ешкім қолдана бермейтін қарақұм әдісін пайдаланады екен. Яғни, темірді ешбір станоктың көмегінсіз көмірдің шоғына қыздыру арқылы иеді. Оны бояуға бояп, сырламайды. Қазақтың қарайту деген тәсілін пайдаланады. Темірді қыздырып тұрып, малдың майына салып жібереді. Сонда ол қарайып, бірнеше жыл өзінің түсін жоғалтпайды.
Мәселен, Толғанбек бізге бір жағында торсық, екінші жағында қобыз бейнеленген бұйымның мағынасын былай түсіндірді. «Абайдың жетінші қара сөзінде бала өмірге келгенде бірінші ішсем-жесем, екінші көрсем-білсем екен деген екі мінезбен келеді дейді. Соны мен ағашқа түсірдім. Ішсем-жесем дегені мына торсық, яғни тән азығы, екіншісі қобыз бұл көрсем-білсем дегені жан азығы. Ұлы Абай айтқандай, тән азығынан жан азығы басым болуы керек. Болмаса біздің хайуаннан айырмашылығымыз болмай қалады» – дейді шебер.
Жас күнінен қолөнерге жаны жақын Толғанбек қазір кәнігі ағаш шеберіне айналды. Ол жасаған бұйымдардың қатарынан кәдесый ретінде ұсынуға лайықталған қазақтың ұлттық домбырасын, желмаяға мінген Қорқыт баба мен оның қобызын жиі кезіктіресің. Ұлттық өнерімізді өлтірмей, тамырына жан бітіріп жүрген шебер рухани жаңғыру өзіміздің тарихымызды жан-жақты танып білуден басталатындығын айтады. Оқып-білгенін бұйымға айналдырып, халықтың рухани азықтануына осылай үлес қосып жүр.
Арнайы шеберханасы болмаса да, табиғат аясында отырып, қиялына ерік беретін Толғанбек ағаштан ою оярда шотбалта, қашау пышақ қана пайдаланады. «Орта мектепті бітірген соң, Ресей Федерациясында Камчаткада Тынық мұхитында әскери теңіз флотында әскери борышымды өтедім. Ең басында ағаштан бұйым жасауды қызығушылықпен қолға алғанмын. Қазір көрмелерге жиі апарып жүрмін. Халық қызығады, сүйсініп жатады. Сатасыз ба деп те сұрайды. Әзірге ондай ойым болмапты. Бағалары төмен болмайтыны белгілі. Өйткені, жұмысы, материалы соған сай. Үйренгім келеді дейтін жандар болса, білгеніммен бөлісуге әркез дайынмын» – дейді Толғанбек Әбдуәлиұлы.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
24 қараша 2022 ж. 149 0

Қарғыс тиген қыз

13 шілде 2024 ж. 119

Қызы қылықты ел едік...

13 шілде 2024 ж. 97

Жиде жұпар шашқанда...

13 шілде 2024 ж. 105

Мәйітхана

13 шілде 2024 ж. 121

Бақыттың мәнін ұғынсақ

12 шілде 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031