Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саяси науқанда белсенді болайық

Саяси науқанда белсенді болайық

Баршамызға белгілі ағымдағы жылдың маусым айында елімізде бүкіл халықтық Референдум өтті. Енді міне, 20 қараша ҚР Президент сайлауы өтеді. Алдағы келе жатқан саяси науқан еліміздің дамуында маңызды роль атқармақ. Осы сайлауда әр бір азамат өз таңдауын дұрыс жасайды деп ойлаймын. Саяси маңызы бар сайлауға қатысу - ел реформасын жаңаша ілгерілетуге үлес қосу болып табылады. Биылғы 20 қарашада өткізілетін кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауы, жаңа ауқымды реформалардың және "Әділетті Қазақстан" құру жолындағы жаңаша өзгерістер кезеңін айқындайды.
Президентіміз Қ.Тоқаев өз жолдауында айтқандай, «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп атап кеткені баршамызға аян. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып саяси-экономикалық дамуына өте үлкен үлес қосатындығына сенеміз.
Сондықтан да, барша қазақстандықтарды 20 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырамын.

Шынар КҮНДІЛДӘ,
Әйтеке би кенті әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің әдіскер-маманы

#Сайлау2022
#20қараша
17 қараша 2022 ж. 415 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031