Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » AMANAT партиясы президенттікке өз кандидатын ұсынды

AMANAT партиясы президенттікке өз кандидатын ұсынды

Ерлан Қошанов бұл сайлау Әділетті Қазақстан дамуының бағыт-бағдарын айқындайды деді
AMANAT партиясы 20 қарашада өтетін Президент сайлауына өз кандидатын ұсынды. Бұл туралы партияның кезектен тыс XXIV съезінде белгілі болды.
Съездің ашылу салтанатын сөз сөйлеген партия Төрағасы Ерлан Қошанов елдегі саяси реформаларды айта келе, қараша айында болатын маңызды тарихи датаға тоқталып өтті.
«Бүгінгі реформалардың басты мақсаты - әділеттілік, теңдік, бірлік принциптерін орнықтыру. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсаттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы қажет.Сондықтан президентікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын», - деді Партия Төрағасы.
Сондай-ақ, Ерлан Қошанов патияластары мен қазақстандықтарды кандидатты қолдауға шақырды.
«Съезд делегаттары бірауыздан қолдайды деп сенемін. Алдағы 20 қараша еліміздің саяси өміріндегі тарихи оқиға болары анық. Дәл сол күні Қазақстан халқы өз таңдауын жасайды. Бұл сайлау Әділетті Қазақстан дамуының бағыт-бағдарын айқындайды. Бұл сайлауда халқымыз өз үміткеріне ел тағдырын, болашағын сеніп тапсырады. Біз үшін ең лайықты үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев», - деді Қошанов.
06 қазан 2022 ж. 460 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 68

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031