Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ахметулла Аманов: Қаржы саласында қиындық аз емес

Ахметулла Аманов: Қаржы саласында қиындық аз емес

Қазіргі күні іске асқан жобадан, жұмыстан немесе көзге алып ұратын дүниеден популизм алу, көптің алдында абыройлы болу қарқын алғанын байқап жүрміз. Көпшілікке керемет әсер қалдыратын қойылым көрсетілген сахнаның артында аянбай тер төгіп жүрген қаншама адамдар, жұмысты қозғаушы күш бар екенін көрмеген көз аңғара бермейді. Сол сияқты аудандағы жемісті тірліктердің артында уақытпен санаспай, елдің мүддесі үшін барын салып жүрген қаржы саласының мамандары да барын ұмытып кетеміз. Бүгінгі Ұлттық валюта – теңге және еліміздің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай 40 жыл бойы есеп-қисаппен таңын атырып, кешін батырған аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ахметулла Амановты әңгімеге тартқан едік, деп хабарлайды qazaly.kz
– Ахметулла Нағметұлы, негізі бала арманы мектеп қабырғасында қалыптастады. Шынын айту керек, қиялының шекарасы жоқ жас жігіттердің көпшілігі қаржы саласын таңдай бермейді. Сіздің мамандыққа деген махаббатыңыз қайдан пайда болды?
– Бала кезімде есепке жақын болған жоқпын. Кейін қалыптастық. Әке шешеміз де кәсіпкерлік саласында еңбек етті. Олар сатып алу керек тауарды есептеп, көмектесіп жүрдім. Бұл келешек мамандығымды таңдауға себеп болды. Негізі тарихты жақсы көріп оқыдым.
Қазалы ауданы, бұрынғы Октябрь совхозында дүниеге келдім. 1966 жылы Қазалы ауданы Қазалы қаласындағы №17 Ғ.Мұратбаев атындағы қазақ орта мектебіне қабылданып, 1976 жылы түлеп ұштым. Келесі жылы Шымкент қаласындағы кооперативтік техникумға оқуға түсіп, кейін 1988 жылы Қарағанды кооперативтік институтына түсіп, 1993 жылы Қазақтың тұтыну кооперациясы институтының толық курсын «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметін бақылау және талдау мамандығы» бойынша бітіріп шықтым. Содан бері талмай еңбек етіп келеміз.
– Оқу бітіріп келгеннен кейін қайда жұмысқа тұрдыңыз? Мамандық ауыстыру туралы ой болды ма?
– Мамандық ауыстыру туралы ешқашан ойланып көрмеппін. Еңбек жолын 1977 жылы Қазалы қалалық тұтыну қоғамында есепшінің көмекшісі болып бастадым. Бірақ бұл жерде тұрақтап қалғаным жоқ. Қаржы саласындағы көптеген мекемде қызметтке болдым. 1982 жылы Ресей Федерациясының Хабаровск өлкесінде Кеңес әскері қатарында міндетімді атқарып келгеннен кейін 1984-1986 жылдары Қазалы қалалық тұтыну қоғамының аға есепшінің орынбасары, Басықара жұмысшылар кооперациясының, Қазалы аудандық дайындау кооперациясының бас есепшісі, 1997 жылға дейін К. Маркс атындағы жұмысшылар кооперациясының төрағасы қызметінде болдым.
Салық саласында 1997 жылы Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің заңды тұлғалардан салық алу бөлімінің инспекторы ретінде қызметімді бастадым. Бұдан кейін Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің түсімдерді түсіру және есептеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы секілді түрлі лауазымда тәжірибемді аяп қалмадым. 2005-2008 жылдары аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдары Қазалы аудандық қаржы бөлімінің басшысы қызметтерін абыройлы атқарып шықтым.
2018 жылдан осы кезге дейін Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып, нәпақамды ажыраттым.
– 40 жылдың еңбек жолыңызда қызық пен шыжыққа толы болғаны сөзсіз. Қандай қиындықтармен кезіктіңіз?
– Заманның қиын кезінде жұмыс істедік қой. 1991-1992 жылдары салық кооперация тарап, қызметкерлердің көпшілігі қысқартылып қалды. Бұл тізімде мен де бар едім. Онсыз да жалақыны 2-3 ай бір алатын бізге бұл өте ауыр соққы болды. Дегенмен көп ұзамай конкурстан өтіп, отбасымның нәпақасын табу бұйырды. Қолма-қол ақша ешкімнің қалтасында жоқ, дүкеннің сөрелерінде азық-түлік табылмайтын кез еді. Барлығы талонмен беріледі. Прилавканың бәрі бос қалған кездерде салық жинау қиынның қиыны еді. Кейін жағдай түзеле бастады ғой. Есеп-қисаппен айналысатын әрбір маманының әр күні арпалысқа толы болғасын көп қиындықты ұмытып та қалыппын. Бастысы қаржыгер болғаным үшін өкінбеймін.
Қазіргі күні аудандық қаржы бөлімінде жұмыс істеймін. Бізге цифрдан қателесуге болмайтынын білесіз. Жеті рет өлшеп, бір кесеміз. Аудан бойынша қызметкерлердің айлықтарды есептеп, есебін салып береміз. Депутаттармен келісіп, жобаларға қаржы бөлдіреміз. Осы үшін облысқа барып, бірнеше күн түнейтін кездеріміз болады.Мұның өзі кез келгеннің қолынан келетін, жеңіл жұмыс емес.
– Есеп-қисаппен айналысқан адамның ойы жүйрік келеді деген түсінік бар. Қаржы саласындағы әріптестеріңізге қандай кеңес берер едіңіз?
– Жалпы іздену керек. Бүгінгінің талабына сай азаматтар білімді, сауатты болуы шарт. Экономистер есепке берілгендіктен көп жағдайда ұрыс-керіске жол беріп жатады. Мұндайды сырттан көрген адам тым болмаса бірінің бойынан кішіпейілділік пен сыйластықты көргісі келетіні түсінікті. Үсті-үстіне келген тапсырма, жұмыстан бас көтере алмай отырғанда біреулер ақыл кеңес сұрап келуі мүмкін. Мұндайда өз басым келушіге Заң аясында түсіндіріп беремін. Алдағы өзгертулер мен Заңға енгізілуі мүмкін толықтырулар жайын ұғындырып, риза қылып жіберуге тырысамын. Қызметін адал атқарып, өзіңе күні түсіп келген адамның ризашылығын алған адам жаман болмайды деп оайлаймын. Жас мамандарға жаңашыл болу да қажет.
– Бүгін кәсіби мерекелеріңізбен қатар Ұлттық валюта – теңге күні екенін білесіз. Ұлттық банк теңге айналысқа енер тұста 1 теңегені 1000 рублге бағалап, кейін 500 рублге бекітілген. Маман ретінде теңгенің құнын арттыру үшін не істеуіміз керек деп ойлайсыз?
– Әрине жауабы анық. Өндіріс орындарының санын арттыру керек. Мұндайда жұмыссыздық саны төмендеп, мемлекеттің қазынасына түсетін салық көбейеді. Бұл дегеніміз валютаның құны артады, еліміз жкономикалық тұрғыда дамиды дегенді білдіреді. Өндіріссіз ел өспейді. Қазіргі күні Қазалыда өндіріс орны жоқ деуге болады. Тек кәсіпкерлік саласы дем беріп тұр. Әсіресе ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау елдің бір бұрышын көтеріп тұр. Мысалы тері өңдеуші орын ашып, орамал, киім тігуге болады.
Қазіргі күні инфляцияның көлемі 14 процентке дейін кетіп қалды. Бұған геосаяси жағдайлар да әсер етіп тұрғанын ескеруіміз керек. Өзімізден шығатын күріш, еттің көлемін арттырып, камбинаттар мен өндіріс өнімдерін арттырумыз керек. Сондай-ақ құрғақ сүт өнімдерін шығаруды қолға алу керек. Бәрінен бұрын жастар талапты, үлкендер қызметке адал болса алар асуымыз биік болады.
– Зейнет демалысына шығуыңызға да аз уақыт қалды. Бейнеттің зейнетін қалай өткізуді жоспарлап отырсыз?
– Зейнетке шығуыма бірнеше ай қалды. Әлі күнге дейін елге қызмет етер қауқар бар. Алла бұйырса немерелерімді бағып отырсам, соның өзі қуаныш. Дегенмен ер адамның үйде жатқаны жараспас. Кәсіпкерлік саласына ығысуды көбірек ойлаймын.
– Ашық әңгімеңізге ризашылық білдіремін!

Сұқбаттасқан
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
15 қараша 2022 ж. 326 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031