Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Аудан әкімдігінде 15 қараша – ұлттық валюта – теңге күні және қаржы саласы қызметкерлері мерекесіне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды qazaly.kz.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Мұнан соң қаржы саласында еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосқандарға құрмет көрсетілді.
Кәсіби мерекеде еңбек ардагері Әбдіқани Дүзелбай Қазалы ауданының «Құрмет грамотасымен», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысының орынбасары Қазынагүл Бәкен ҚР қаржы министрінің «Алғыс хатымен», аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сондай-ақ бірқатар сала қызметкерлеріне облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысы мен аудан әкімінің «Алғыс хаттары» табысталды.
Бұл күні ауданның экономикалық көрсеткіштерінің артуына талмай еңбек етіп, табыстың берекесін тасытқан ардагерлер де назардан тыс қалмай, сый-сияпатқа ие болды.
Салтанатты шарада сала ардагерлері Анаркүл Әлнияз, Әбдіқани Дүзелбаев, Кемалбай Көпжасаров және аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Қаржы саласы қызметкерлері мен сала ардагерлерінің құрметіне аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
15 қараша 2022 ж. 194 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 85

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 133

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 89

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031