Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абыройлы міндетті ар жүгіне балаған

Абыройлы міндетті ар жүгіне балаған

Кез-келген мамандықтың абыройлылығын атқарған жұмысы, жетістікті жауапкершілігі, ізденісті іздерден бағамдауға болады. Әрбірі өзінше ерекше, өзінше маңызды. Мемлекеттік дамудың ішінде өзіндік орнымен ерекшеленетін қаржы жүйесінің тұрақтылығы, бюджеттік саясаттың тиімділігі, елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының, тың жобаларды іске қосу жолындағы жаңашылдыққа бастайды. Себебі толағай табыс пен тұрақтылықтың тұтқасы болған қаржыгерлер қауымы Тәуелсіз Қазақстанның түлетушілер саналады. Осындай ауданның қаржы әлеуетін дамытуға еселі еңбегі, лайықты үлесін қосқан азамат Ахметулла Аманов.
Ахметулла Нағыметұлы Шымкент қаласындағы кооперативтік техникумы, Қарағанды кооперативтік институты, Қазақтың тұтыну кооперациясы институтының түлегі.
Еңбек жолын 1977 жылдан бастап Қазалы қалалық тұтыну қоғамында есепшінің көмекшісі болып бастаған ол 1977-1982 жылдары Қазалы қалалық тұтынушылар қоғамының бухгалтері болып қызмет етеді. 1982-1984 жылдары Ресей Федерациясының Хабаровск өлкесінде Отан алдындағы борышын өтеген. 1984-1986 жылдары Қазалы қалалық тұтыну қоғамының аға есепшінің орынбасары болады. Мұнан кейінгі жылдары Қазалы ауданы Басықара жұмысшылар кооперациясының, Қазалы аудандық дайындау кооперациясының бас есепшісі, К.Маркс атындағы жұмысшылар кооперациясының төрағасын жауапкершілігінде өрбиді.
1997 жылдан – 2005 жылға дейін Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің заңды тұлғалардан салық алу бөлімінің инспекторы, түсімдерді түсіру және есептеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы, аға салық инспектор, аудит бөлімінің бастығы, ақпараттық технология және есеп бөлімінің бастығы, ақпараттарды қабылдау және өңдеу, есепке алу және талдау бөлімдерінің бас маманы болады. 2005-2010 жылдар аралығында аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2008-2010 жылдары Аудандық қаржы бөлімі бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдары бөлімінің басшысы қызметтеріне жоғарылайды. 2018 жылдан осы кезге дейін Қазалы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Қаржы ісі ерекше әзірлікті, жоғары білімді, толысқан тәжірибені, кәсіби өсімді, тың жаңалықты игерудегі икемділікті қажет етеді. Осы жолда тер төгіп жүрген мақтаулы мемлекеттік қызметкер ауданның экономикасының үдемелі дамып, қалыптасу, нығаюына күш-жігерін жұмылдырып, тұрақтандыруға көп еңбек сіңірген азаматтың орнықты шешімдері, пайымды пікірлері арқасында көптеген мәселелер түйіткілдігі тарқаған.
Кейіпкеріміздің ауданның экономикалық қуатын арттыру жолындағы және қаржы саласындағы еңбектері бағаланып, әр жылдарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы әкімінің, облыстық қаржы басқармасының алғыс хаттарымен марапатталса, 2016 жылы «Үздік мемлекеттік қызметші» атағына ие болады.
Халыққа қызмет ету – құрметті мамандық. Бүгінгідей «Covid-19» пандемиясының жағдайында, мемлекеттік қызметшілерге халық өмірінің барлық салаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды. Осы тұста А.Аманов басқарып отырған мекеме де ауданды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды және ауқымды реформалады жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келеді.
Алтын МЕЙІРХАН
22 маусым 2021 ж. 1 235 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031