Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық табалдырықтан басталады

Тазалық табалдырықтан басталады

Кент орталығынан біршама қашықтықта орналасқан, жасыл желегі жайқалған, Сырдың суын бойлаған, Хакім Абай Құнанбаевтың есімі берілген Сарыкөл ауылдық округіне қарасты көрікті ауыл бар. Үздік елді мекендердің бірі саналатын ауылда ауыз толтырып айтар ауқымды істер көп-ақ.
Ауыл тұрғындары қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті деп санайды. Тазалықты жанына серік еткен абайлықтар да ауылға санитарлық тазарту, көркейту көгалдандыру мен сенбілік шарасына белсене араласудан шаршаған емес.
Ауыл көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына барлық қоғамдық жұмыс қызметкерлері мен ауыл тұрғындары бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізіп тұрады. Соның ішінде, ауылдың кіреберіс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Тиісті тазалық шарасынан ауылдық округ әкімі қалыс қалған емес. Керісінше, жас буынды мәдениеттің бір түрі саналатын тазалыққа баулу жолында өзін үлгі етуге тырысатындығын айтады.
– Халқымызда «Тазалық табалдырықтан басталады» деген даналық сөз бар. Ауыл бәрімізге ортақ үй. Сол себептіауыл ішіндегі және кіреберістегі шашылған қоқыстарды тазартып, ауылдың көркін ашу әрқайсысымызға міндет. «Қоғамды түзеймін десең, алдымен өзіңді түзе» деген ұлылардың сөзі бар. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы жас жеткіншектерді ізгілікке, адалдыққа, тазалыққа тəрбиелейміз.
Сондықтан туған ауылымыздың көркеюіне қолдау көрсетіп, тазалығына аса мəн берейік, – дейді ауылдық округ әкімі Байназар Ерқосаев.

Серік АҚМЫРЗА
05 қараша 2022 ж. 601 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930