Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім беру гранттарының мамандықтар бойынша тізімін жариялады.
Толық тізімін мына сілтемелер бойынша таба аласыздар:
https://edu.mail.kz/
https://kaz.tengrinews.kz
https://kazpravda.kz
https://egemen.kz
@testcenterBot телеграм бот
Естеріңізге сала кетейік, 18-26 шілде аралығында өткен мемлекеттік гранттың конкурсына 75 431 түлек құжат тапсырды. Көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда қатысушылар саны 15 мың адамға артқан.
2018-2019 оқу жылында бөлінген білім гранттарының саны — 53 594.
Оның ішінде, 50 944 грант 1 курсқа қабылдау үшін, 2650 орын – жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.
24 737 грант техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтарына, 9 499 грант — білім, 2 785 грант – ауылшаруашылық және ветеринария мамандықтарына, 2 700 грант – медицина (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету) мамандықтарына, 1 450 – гуманитарлық ғылымдар мамандықтарына, 100 – құқық мамандықтарына, 300 – өнер мамандықтарына, 1 780 – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтарына, 3 246 – жаратылыстану ғылымдары мамандықтарына, 2 330 – қызмет көрсету мамандықтарына және 500 грант әскери іс және қауіпсіздік мамандықтарына қарастырылды.
studentmedia.kz
06 тамыз 2018 ж. 2 510 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930