Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға жан-жақтылық жарасады

Жастарға жан-жақтылық жарасады

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазалы қаласында 800 жас бар. Оның 464-і ерлер болса, 336-сы әйелдер. Яғни қала халқының 4,5 %-ін құрайды. Жастар саясатын үйлестіру мақсатында ашылған Жастар ресурстық орталығы жан-жақты қолдау білдіріп, олардың бастамаларын жүзеге асыру бағытында қызмет көрсетіп келеді.
Орталық директоры Руслан Қайырбайдың айтуынша, бүгінгі күнге дейін барлығы ерікті жастардың қатысуымен 70-ке жуық іс-шаралар өткізілген. Ұйымдастырылған шаралардың негізгі бағыты жастардың әл ауқатын көтеру мен шығармашылығын шыңдау, оларды патриоттыққа баулу болып табылады.
– Орталықта 40 мәдени шара өтті. 10 спорттық сайыс, 12 кеңес беру акциясы, Жастар арасында ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша 10-нан астам қоғамдық рейдтік шаралар ұйымдастырылып, ашық есік күні акциясы аясында заңгерлік, психологиялық тұрғыдан кеңестер берілді. Бұның ішінде акустикалық кеш, караоке, қыл қалам шеберлерінің сайысы, поэзия кеші, мобилография сайысы тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұдан бөлек, Халықаралық жастар күніне орай, аудан көлемінде апталық шаралар өтті. Онда спорт түрлерінен, мүмкіндіктер керуені, өнерпаздардан құралған гала-концерт, «ЭКО марафон» сенбілік акциялары ұйымдастырылады, – дейді Руслан Қайырбайұлы.
Қазіргі таңда жастар арасында секцияларға, үйірмелерге, бірлестіктерге, ұйымдарға қатысушылар саны артып келеді. 14-29 жас аралығындағы қала жастары апталық кестеге сәйкес тегін үйірмелерге және клубтарға қатысады. Орталық жанынан пікірсайысшылар клубы, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, бильярд, «Маникюр» үйірмесі, «Фудфлорист» гүл жасау үйірмесі, ағылшын курсы және «мобилография» сапалы видео жасап үйрену үйірмелері апталық кесте бойынша жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 150-ге жуық жас орталықтың тұрақты келушісіне айналған.
Алдағы уақытта «Stаnd up» клубы, Кітап клубы және «SULU Models» модельдік агенттігі, IT-клубы, сонымен қатар ақындық өнер, би үйірмелері мен қатар ораторлық курс ашылады деп жоспарлануда.
– Жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін орталықтан ашылған үйірмелер мол мүмкіндік деп есептеймін. Кез келген адамның бір іске деген қызығушылығы болады. Оны әрі қарай жетілдіру үшін үнемі сол істің айналасында жүру маңызды. Осы ретте жасөспірімдерге қолдау бар. Яғни тегін үйірмелер арқылы өз-өзіңді дамыта аласың. Тіпті сол сала бойынша кәсіп ашуыңызға да болады. Бастысы көңілде ниет, бойдан жігер табылса болғаны, – дейді белсенді жас Бекарыс Абдулла.


Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
24 қыркүйек 2022 ж. 769 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 138

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 143

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 151

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 130

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 128

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 144

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031