Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар ісінде жалын бар

Жастар ісінде жалын бар

Жастар саясаты мемлекеттің айрықша көңіл бөлетін саласы десек қателеспейміз. Өйткені елдің болашағы бүгінгі жастардың бір арнаға тоғысып, ортақ мақсатқа жұмылуына байланысты. Үкімет тарапынан оларды оқыту, жұмыспен қамту, патриоттық рух беріп, әскерге даярлау, қоғамның алға жылжуына белсене атсалысуға қажетті жағдай жасалып келеді. Қазалы ауданында да 18 мыңға жуық жас жалынның бос уақытын тиімді өткізу мен жан-жақты бағыт-бағдар беру ісі ілгерілеп келеді. Мұны аудандық ішкі саясат бөлімі жанынан құрылған Жастар ресурстық орталығыөз деңгейінде ұйымдастыруда.

Қайырымды Қазалы
Орталық директоры Нұрбек Ақпанбетовтың айтуынша, жыл басынан бері ерікті жастардың қатысуымен 300-ден астам іс – шара өткен. Мұның барлығына шамамен 7 мың адам қатысқан. Ұйымдастырылған шаралардың негізгі бағыты жастардың әл-ауқатын көтеру мен шығармашылығын шыңдау, оларды патриоттыққа баулу екені түсінікті. Бұдан бөлек қайырылымдылық жасаудан да басқалардан көші ілгері істер бар. Қарапайым ғана мысал, былтыр жастардан құралан еріктілер 23 баспананың кілтін әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға табыстап, республика бойынша үздік «Жастар ауданы» атанды. Мұнымен тоқтайтын қазалылықтар байқалмайды.
– Бүгінгі күнге дейін 60-тан астам қайырымдылық жобалар бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл жалпы шараның 20 процентін құрайды. Оның ішінде, 10 отбасыға жылу жүйесі, 10 отбасыға көгілдір отын құрылғысы, 15 шаңырақтың балаларына ем алуы үшін қаржылық қолдау, «Жылу сыйла жандарға» жыңғылмен ақ акциясы аясында 92 отбасыға қыстық отын жеткізіліп берілді. Сол сияқты мүкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен 98 отбасыға ерікті жас­тар қол көмегін ұсынды.
Сондай-ақ, ерікті досымыз Әсет Ерғазыұлының демеушілігімен көлемі 1 миллион теңгені құрайтын тұрмыстық техникалық заттар әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға берілді. Мұнан бөлек құлағы ауыр еститін 8 жасөспірімге есту аппаратын сыйға тарттық, – дейді жергілікті жастар жетекшісі.
Бұдан бөлек, аудандағы Ғани ізбасарларының атқаратын ісі аз емес. Жастар арасында ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуды ойлаған олар 40-тан астам қоғамдық рейдтік шаралар ұйымдастырылып, ашық есік күні акциясы аясында 50 адамға заңгерлік кеңес берілді. Көп уақыт өтпей-ақ, 30-ы жекелей шешімін тапты. Соның арқасында екі қолға бір күрек таппай жүрген көптеген азамат жұмысқа орналас­ты.


Дара жобалар дамытады
Жылдың ірі жобасы да жастардың еншісінде. Бірнеше ай бұрын ауданда алғашқы рет «Балалар жылы» аясында «Жаңа Дәуір – Жаңа Қазақстан» тақырыбында жастар фестивалі ұйымдастырылды. Мұнда 187 жас 6 бағыт бойынша бақ сынасты. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің гранты және осы оқу орнының 50, 25% жеңілдікпен білім алуға мүкіндік беретін сертификаттары, салаларына байланысты 500 мың теңгенің көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.
Ендігі кезекте Қазалы ауданында дәстүрге айналған Ғ.Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығын өткізу жоспарда тұр. Сала бойынша жетістіктерімен сынға түсетін көшбасшы жас жалындар жастар күні қарсаңында марапатталмақ. Оларға Ғ.Мұратбаев төсбелгісі, дип­лом мен қаржылай сыйлықтар табысталатыны белгілі. Аталған республикалық шара осымен ауданда 4-ші мәрте ұйымдастырылғалы отыр.

Еңбек пен ерлікке ұмтылыс
Жастардың әскер қатарына баруға асығуы жыл сайын төмендеп бара жатқаны рас. Бұған әскерде орын алып жатқан қайғылы оқиғалар себеп. Бірақ бұл жаппай елді қорғаудан бас тартуға себеп емес екендігі түсінікті. Қазалы ауданының өзінде әскери есепте тұрған 3641 жас бар. Мұның 400-іне әскери шақыру комиссиясының хабарламасы барған. Жігіттік жігерін жанып, 209 жас комиссия алдына уақытылы келсе, бой-салмағы келіскен 36 талапкер әскерге жолданған. Іздеуде жүрген десек ауыр тиер, тексеріске келмеген 185 азамат туралы ақпар нақтыланып отыр. Тағы 128-і әскери қызметке жарамсыз екені анықталды.
Жастар саясатындағы күрмеуі қиын мәселе – жұмыссыздық. Жас мамандардың елге келіп, еңбек етуге асыққанымен бос жұмыс орыны қат. Бұл қиындықты еңсеруге ресурстық орталықтың да күш салып отырғаны рас.
– Аудан бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 29 жасқа дейінгі 899 жұмыссыз хабарласқан. Мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты десек жарасар, 87 адам тұрақты жұмысқа орналасып, жастар практикасына 115, әлеуметтік жұмыс орнына 8, ақылы қоғамдық жұмысқа 232 жалын шақырылған. Тағы 7 азамат мемлекеттік грант алып, кәсіппен айналысып отыр.
Бұдан бөлек, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және оларды еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» жобасы бойынша 80 адам уақытша жұмысқа орналасты. Олар Көларық, Сарыкөл, Қызылқұм, Ғ.Мұратбаев ауылдық округін көгалдандыру, көркейту жұмыстарына жұмыслдырылған. Негізінен жергілікті жерге бөлінген квота саны 200 жұмысшыны құрайды. Маусымдық жұмыстарға NEET санатындағы және пробация қызметінде тіркеуде тұрған жастарды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарымызда бар, – дейді Н.Ақпанбетов.
Ринат Әбдіқалық
02 тамыз 2022 ж. 418 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930