Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбі күні елімізде «Birge – Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы өз жалғасын тауып, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияға қазалылықтар да өз үлестерін қосып, туған жерді күл-қоқыс, түрлі қалдықтардан тазарту жолында апта сайын аянбай еңбек етуде.
Тек қала сырты емес, аудан орталығы – Әйтеке би кентінде де серпінді сенбіліктер ұйымдастырылды. Кенттің тазалығына жауапты мекемелер орталық көшелердегі қоқыстарды жинап, арнайы орынға шығарды.
Ал аудан әкімдігі бастаған дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорындар, білім, спорт және денсаулық сақтау саласының ұжымдары шет аймақтарда сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Атап айтар болсақ, Шитүбек елді мекеніне барар жол, шығыс беткейдегі теміржол өткелі, 5 кварталдағы қазақ қорымы мен Мектепбай учаскесіндегі қоқыстар жинастырылды.
– Сенбілік өткізу дәстүрі бүгінгі қазақ қоғамы өмірінің ажырамас бөлігіне айналған. Мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды. Ата-бабамыз жалпыға ортақ еңбек қоғамы болуға шақырады. Еңбек қоғамның негізгі санаты, басым идеясы болуы керек. Сөзден іске көшкен жөн. Бұл орайда әр қатысушының еңбегі арқылы сенбіліктер сүйікті қаланың, мемлекеттің гүлденуіне зор үлес қосады. Адамның ұзақ та берекелі өмір сүруі үшін ойы зерек, қолы шебер болуы тиіс. Еңбектің жан санасы мен тәніне пайдасын ғылыми зерттеулер де дәлелдейді. Бұл өсиетті балаларға да ұйытқан абзал, – дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы Әлихан Қайратұлы.
Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев та қатысып, көпшілікпен бірге шет аймақтарды қоқыстардан тазартты.

Серік АҚМЫРЗА

05 шілде 2022 ж. 573 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 197

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 180

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 174

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930