Сақтық – саулық кепілі
Мамандар күн ысығанда нендей аурудың ушығып, басылатыны жайлы айтып жатады. Дегенмен осы жылдың маусым айы қазалылықтарды біраз әбігерге салғанын көріп жүрміз. Тұрғындар жаппай тұмауға шалдығып, бірі жоғары дене ысуымен аурухана төсегіне таңылса, екіншілері үй жағдайында ем алуда. Халықты ерекше үрейлендірген маусымдық індетке шалдыққандардың арасында өкпесі қабынғандар да кездеседі. Мұндайда дәрігерлердің еткен еңбектері орасан. Бұл сәтте аудандық жедел жәрдем станциясы бөлімінің қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылуда. Бүгінде ондағы 5 бригада күндіз-түні сырқаттанғандарға қызмет етуде.
– Біздің бригададағы мамандар бүгінге дейін күніге 100-ге жуық адамға жедел көмек көрсетті. Бүгін де 70 адамға алғашқы жәрдем берілді. Әрбір науқастың жалпы жағдайы бақыланып, 15-20 минутқа жуық дәрігерлік қызмет жасалады. Егер сырқаттың дене қызуы 38-39 градусқа көтерілгендігі айтылса, арнайы қорғаныш киімін киіп баруға міндеттіміз. Мұндай науқасты ауруханаға әкеліп тапсырамыз. Ал жағдайы тәуірлерге үй жағдайында емделуге кеңес береміз. Және учаске дәрігері науқасты 5 күн бойы бақылауда ұстауы үшін өзі қаралатын медициналық мекемеге хабарлаймыз. Қазіргі тұмауға шалдықандардың арасында пневмониямен ауырғандар жиі кездеседі. Бүгін 5 адам осы дертпен ауруханаға жеткізілді, – дейді Қазалы аудандық жедел жәрдем станциясы бөлімінің меңгерушісі Серік Қазыбаев.
Әдетте біз тұмауға жеңіл-желпі қарай саламыз. Алайда бұның соңы денедегі өзге де созылмалы ауруларды өршітіп, асқынуға әкелуі мүмкін. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау микробы ауаға жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық арқылы таралады. Вирус науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір өлкенің жаппай ауыруы ғажап емес.
Дәрігерлердің айтуынша, тұмау басталғанда дене дел-сал болып, адамның көңіл күйі нашарлайды және науқастың тағамға тәбеті болмайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, бұлшық еттер сыздап, буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтел пайда болады, тамақ қызарып, жұтынғанда ауырады, көз қызарып жасаурайды.
Тұмаумен ауырған адам міндетті түрде дәрігердің бақылауында болып, ауасы таза оңаша бөлмеде жатып тынығуы керек. Қызуын, дене сырқырауын басатын дәрілер ішкен жөн. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен жабуы тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы, тағы басқалары болып, олар жиі қайнатылып, жуылуы тиіс. Дәрігерлер айтқан осы сақтық шараларын бұлжытпай орындау – сіздің саулығыңыздың шынайы кепілі болары сөзсіз.

Айнұр ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ