Құлақ ауруына құлықсыз қарамаңыз......

Отит ауруының негізгі белгілері: 1. Есту қабілеті төмендейді. Бұл дабыл жарғағы артындағы сұйықтықтың дыбыстың таралуына кедергі келтіруінен болады.
2. Жатқан кезде құлақтың ауырсынуы күшейеді. Бұл дабыл жарғағының қабынуы, суық тию не аллергия, тамақ ауруы, балаларда тістің шығуы салдарынан евстахиев түтігі бітеледі. Сонымен қатар бір мезгілде әлсіздік, тәбеттің төмендеуі және дене қызуы жоғарылауы мүмкін.
3. Есту жолынан шырыш, ірің, қанды ірің немесе осының бәрі бірдей бөлінуі мүмкін. Құлақ ауру түрінің ауырсыну әкелмейтін түрлері де бар. Алайда ауырсыну болмағынымен, ол қабынады. Мұндай отит асқынып кетеді. Себебі көпшілік оны байқамай қалады. Яғни құлағым 1-2 күн ауырып, жазылып кетсе ештеңе етпейді деп ойлайды. Ал қалыптасу кезеңі 30 күнге созылады. Отит құлақ ауруының емдік жолдары: 1. Аурудың бастапқы кезеңінде, яғни құлақтан ірің аққанға дейін қыздыру, құрғақ жылу спиртті тамшылар, компрес әдістері қолданылады. Алайда оларды абайлап қолдану керек. Ескертетін бір жайт, ірің аққан жағдайда спиртті тамшыларды құлаққа тамызуға және жылы басуға болмайды.
2. Есту жолынан ірің ағып, тазартылған соң емдік тамшылар (спирттік емес) қолданылады. Ең бірінші мұрынға тамыр тарылтатын тамшылар тамызылады. Содан кейін науқас кісіні ауырған құлаққа қарама-қарсы бүйірге жатқызады да құлаққа дәрілік ерітіндінің бірнеше тамшысын тамызады. Содан соң сұйықтықтың тамаққа жеткенін сезгенше саусақпен құлақ төмпешігін бірнеше рет басады. Алайда дәрігер тағайындамаған суық тиюге қарсы немесе антигистаминдік дәрілерді қолданбаңыз. Ол ауруға көмектеспейді.
ZHARAR.com