Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шапағаттықтар шаттыққа кенелді

Шапағаттықтар шаттыққа кенелді

Мектепке бару – бала өміріндегі есте қаларлық ең бір елеулі кезең. Сондықтан да халқымыз жас жеткіншектің білімге қызығушылығын арттыруды көздеп, «Тілашар» тойын өткізеді.
Тіл ашпақ той шапағаттықтарда биыл 20-шы рет тойланып жатыр. Бүгінге дейін орталықтан 65 бала жаңа өмірлік қадамдарын жасаса, биыл екі бүлдіршін Нұртөре мен Дильназ мектеп табалдырығын аттамақ.
Мұнда арнайы келген «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының өкілдері жас түлектерге игі тілектерін жеткізіп, оқу формалары мен құрал-жабдықтарын сыйға тартты.
Шарада орталықтың түлектері жүрек-жарды тілектерін айтып, ән шашуларын тарту етіп, мұндағы тәрбиешілерге «Алғыс» әнін арнап, көңіл-күйін көкке көтерді.
Бүгінде алды отау құрып, түрлі мамандықты меңгерген «Тілашар» тобының алғашқы түлектеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Дильназ топтың тәрбиеленушісі Айтұмарға дәстүрлі «Аманатты» табыстады. Қуанышты той соңында «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының директоры Шынар Қуанышқызы мектеп табалдырығын аттағалы тұрған Нұртөре мен Дильназға ақ жол тілеп, орталыққа қамқорлық танытып жүрген азаматтарға алғысын айтты.
Айта кетейік, шараға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары М.Нағашыбаев, Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары Д.Алпысбаев және аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы Е.Табынбаевтар қатысып, шапағаттық балалардың қуаныштарына оң болсын десті.
Шара соңында шапағаттықтар өз әнұрандарын орындап, көрермен құрметіне бөленді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

30 тамыз 2022 ж. 387 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031