Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айару мен Дамир мектепке барады

Айару мен Дамир мектепке барады

1 қыркүйек – Білім күні Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының 2 тәрбиеленушісі мектеп табалдырығын аттайды.

Бүгін осыған орай орталықта арнайы шара өтіп, Айару Алтынбек пен Дамир Мейірімханды мектепке шығарып салды.
Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының вице-президенті Болат Көшербаев қатысып, игі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ, мектепке баратын Айару мен Дамирге оқу формалары мен құрал-жабдықтарын сыйға тартты.

Бұл күні «Шапағат» орталығынан түлеп ұшқан түлектер де тілектерін айтып, ән шашуларын тарту етті.


Шара соңында «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығының директоры Шынар Жеңсікбаева мектеп табалдырығын аттағалы тұрған Айару мен Дамирге ақ жол тілеп, орталыққа қамқорлық танытып жүрген азаматтарға алғысын айтты. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін «Шапағат» орталығы 65 тәрбиеленушіні мектепке жібергенін мақтанышпен жеткізді.

Орталық директоры жақында ғана мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құрылғылар сатып алынып, «Сенсорлы интеграция» бөлмесі ашылғанын да тілге тиек етті.

Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
31 тамыз 2021 ж. 373 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031