Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атымтайлар ардақталды

Атымтайлар ардақталды

Елде эпидемиологиялық ахуалға байланысты ауқымды шаралар өткізуге шектеу енгізілген.
Осыған орай, аудандық жобалық кеңсе құрамындағы сарапшылар кеңесінің шешімімен аудан әкімдігінің мәжіліс залында қоғам жұмысына белсене атсалысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан ұйымдар мен азаматтарға «Жомарт жүрек» номинациялары табысталды.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев байқаудың жеңімпаздарына арналған арнайы үлгідегі диплом, төсбелгі, статуэтка және гүл шоғын табыстады.
«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша тағайындалды. Оның алғашқысы «Жыл меценаты» номинациясы. Ол туған жерінде әлеуметтік жобаларды іске асырғаны, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ата-ананың қараусыз қалған жетім балаларға, зейнеткерлерге 3 миллион теңгеге жуық қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін «РЗА-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Нұрлан Самұратұлына берілді.
Жеке кәсіпкер Болат Емжайұлына білім беру саласына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаны іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясы табысталды.
Ал, пандемия кезінде провизорлық стационарда 2 ай бойы үй көрмей жұмыс жасап, 300-ге жуық науқастың сауығып шығуына атсалысқан Әлия Жұмағұлқызы «Туған өлке» номинациясымен марапатталды.
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының директоры Шынар Қуанышқызына табысталды. Орталық аудандағы мүгедек балаларды өмірге бейімдеу мақсатында 40-тан аса әлеуметтік маңызы бар жобаларды және қайырымдылық іс-шараларын іске асырған.
Волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін №266 мектеп-лицейдің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Қуаныш Темірханұлы «Ерен Еріктілік» номинациясы бойынша марапатталды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

03 тамыз 2021 ж. 574 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930